АҚШ-та 2017 жылы Трампқа қарсы наразылық акцияларына қатысты істерді қараған прокурор 6 айға қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Прокурордың аты-жөні әзірге жарияланбаған. Шеттету шешімі оның 2017 жылғы наразылық акцияларына қатысты істерді қарау барысында заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қабылданған. Бұл іс АҚШ-тағы сот жүйесінің әділдігіне қатысты пікірталастарды қайта жаңғыртты.
