20 тамызда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен маңызды оқиғалар орын алған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдегі ерекше мерекелер
20 тамызда әлемдегі ең ерекше мерекелердің бірі – Дүниежүзілік жалқаулық күні тойланады. Ресми түрде ешкім бекітпесе де, халық арасында кеңінен таралған бұл мерекенің мақсаты жалқауларды мадақтау емес, созылмалы шаршаңдық синдромы мен күйзеліспен тиімді күресу. Мереке Колумбияның өнеркәсіп орталығы және халық тығыз қоныстанған қаласы Итагуида пайда болған. Бұл күні еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін демалады.
Венгрияда – Әулие Иштван күні (венгер мемлекетінің негізін қалаушы). Бұл Венгрияның негізгі мемлекеттік мерекесі. 1000 жылы 20 тамызда Әулие Иштван Бірінші таққа отырды, осылайша Венгрияның алғашқы королі атанды. Иштван басқарған жылдары мажарлар христиандықты қабылдады, ел әкімшілік-аумақтық округтерге бөлінді. 1083 жылы Иштван Бірінші әулиелер санатына қосылды, ал рим папасы Григорий Жетінші 20 тамызды мереке деп жариялады.
Қиялы жүйрік әрі ерекше дарын иесі Эдуард Успенскийдің қаламы балаларға сүйкімді кейіпкер Чебурашканы сыйлады. Осы кейіпкердің құрметіне балалар мерекесі – Чебурашканың туған күні тойланады.
20 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011634 жылы Мәскеуде алғашқы букварь жарық көрді.
- 021866 жылы АҚШ-та Ұлттық еңбек одағы Конгреске 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етті. Бұл америкалық еңбек қозғалысының маңызды қадамдарының бірі болды.
- 031913 жылы Киевте бірінші Жалпыресейлік спорттық олимпиада өтті.
- 041941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлер "Фау" ракетасын жасап шығаруға тапсырма берді.
- 051960 жылы Сенегал Мали Федерациясынан шықты, осылайша тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты.
- 061968 жылы Варшава шарты ұйымының әскерлері Чехословакияға басып кіріп, "Прага көктемі" реформаларын тоқтатты.
- 071975 жылы NASA Viking 1 ғарыш аппаратын Марсқа ұшырды. Кейін ол Марс бетіне сәтті қонған алғашқы аппарат болды.
- 081988 жылы Иран–Ирак соғысы аяқталды: 20 тамызда атысты тоқтату күшіне енді. Соғыс шамамен сегіз жылға созылды.
- 091991 жылы Эстония Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
20 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011963 жылы Алматы халық шаруашылығы институты құрылды.
- 021996 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы екіге бөлініп, Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы және Қазақстанның ұлттық продюсерлік орталығы құрылды.
- 032003 жылы Елбасының қолдауымен "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі құрылды.
- 042012 жылы "Алматы" велоклубына Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың есімі берілді.
- 052012 жылы Қазақстан Соломон аралдарымен дипломатиялық қатынас орнатты.
- 062016 жылы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жұмысын бастады.
- 072016 жылы Шу локомотив депосында Тұрар Рысқұловқа арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.
20 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011601 жылы француз математигі, заңгер әрі философ Пьер де Ферма дүниеге келді.
- 021833 жылы АҚШ-тың 23-президенті Бенджамин Харрисон дүниеге келді.
- 031847 жылы поляк жазушысы, журналист және фельетоншы Болеслав Прус дүниеге келді.
- 041890 жылы америкалық жазушы, фантастика жанрының көрнекті өкілі Говард Филлипс Лавкрафт дүниеге келді.
- 051909 жылы шахматтан әлем чемпионы Ольга Рубцова өмірге келді.
- 061932 жылы орыс жазушысы, драматург және сценарист Василий Аксенов туды.
- 071937 жылы кеңестік, ресейлік және америкалық режиссер, сценарист, қоғам және саяси қайраткер Андрей Кончаловский дүниеге келді.
- 081944 жылы Үндістанның бұрынғы премьер-министрі Раджив Ганди дүниеге келді.
- 091953 жылы ресейлік ақын, актер, тележүргізуші Владимир Вишневский туды.
- 101974 жылы америкалық актриса Эми Адамс дүниеге келді.
20 тамызда Қазақстанда кімдер туды
- 011928 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сүлейменов өмірге келді.
- 021937 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР тұңғыш премьер-министрі Ұзақбай Қараманов дүниеге келді.
- 031938 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәрсенбай Оразбек туды.
- 041952 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Консультативтік кеңестің хатшысы Раиса Шер дүниеге келді.
- 051959 жылы жазушы, этнолог, педагог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев дүниеге келді.
- 061965 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов дүниеге келді.
- 071974 жылы белгілі журналист Арман Сейітмамыт өмірге келді.
