20 шілдеде әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық шахмат күні
1966 жылдан бастап бүкіл әлемде жыл сайын 20 шілдеде Халықаралық шахмат күні аталып өтеді. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. Ойынның атауы парсы тілінен аударғанда "билеуші өлді" деген мағынаны білдіреді. Шахматқа негіз болған чатуранга ойыны бесінші ғасырда пайда болған. Кезінде құмар ойындарға жатқызып аластатылған шахмат ойынының бұл күнде адам миының қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы көп екенін ғалымдар дәлелдеген.
Халықаралық торт күні
Бұдан бөлек бүгін Халықаралық торт күні аталып өтеді. Барлық мереке, туған күн, мерейтой, үйлену той және басқа да қуанышты күндерді тортсыз елестету қиын. Шынымен де, торт – адамдар қатынасының достық белгісі. Торт күні Миландағы "Махаббат патшалығы" деп аталатын ұйымның бастамасымен алғаш рет 2009 жылы аталып өтті. Ұйым құрамында өнер адамдары, аспаздар және тағы да басқа шығармашыл адамдар болғаннан кейін мереке өте жоғары деңгейде өткен. Кейін 2011 жылы 20 шілдеде мейрам халықаралық деңгейде тойланып, әлем елдеріне тарала бастаған. Мерекенің мақсаты – әлемге бейбітшілік пен достық идеясын мәдениет арқылы тарату. Бұл игі бастаманы көптеген ТМД елдері, Израиль және АҚШ қолдады. Сол күні әлем халықтары бірлесе отырып, бейбітшілік тортын әзірледі.
20 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011534 жылы Кембриджде әлемдегі алғашқы баспа ашылды;
- 021877 жылы мультипликация тарихы басталды;
- 031917 жылы BMW сауда маркасы тіркелді;
- 041924 жылы Парижде Халықаралық шахмат федерациясының негізі қаланды;
- 051940 жылы америкалық Billboard музыкалық журналы ең танымал әндердің алғашқы тізімін жариялады.
20 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011969 жылы Дінмұхамед Қонаев Қапшағай ГЭС-і іргетасының символдық плитасын қойды;
- 021995 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар жарлыққа қол қойды;
- 032005 жылы Астанада Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның Семей ядролық сынақ полигонының қайғы-қасіретін бейнелейтін "Мәңгілік қасірет" атты фотокөрмесі өтті;
- 042014 жылы Бейжіңде алғаш рет домбыра курсы ашылды;
- 052016 жылы Қазақстанда data.egov.kz ашық деректер порталы жұмыс істей бастады;
- 062022 жылы елордада Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевты еске алуға арналған қабырға суреті пайда болды.
20 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011822 жылы чех-австриялық биолог әрі генетик, тұқым қуалаушылық туралы ғылымның негізін қалаушы Грегор Иоганн Мендель дүниеге келді;
- 021938 жылы америкалық актриса, "Алтын глобус" сыйлығының екі дүркін иегері және "Оскар" сыйлығының үш мәрте номинанты Натали Вуд дүниеге келді;
- 031919 жылы жаңазеландиялық зерттеуші әрі альпинист, Эверестті алғаш бағындырған сэр Эдмунд Хиллари дүниеге келді;
- 041963 жылы кеңес және ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 1994 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионы, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Жулин дүниеге келді.
20 шілдеде Қазақстанда кім туды
- 011929 жылы композитор, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Анатолий Бычков дүниеге келді;
- 021947 жылы механика және машинатану саласындағы совет және қазақ ғалымы, техника ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Молдабеков дүниеге келді;
- 031951 жылы ҚР президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Ахмет Мурадов дүниеге келді;
- 041961 жылы кинорежиссер, сценарист, драматург Ермек Тұрсынов дүниеге келді;
- 051972 жылы қазақстандық театр және кино актері, тележүргізуші Сергей Погосян дүниеге келді.
