Бүгін, 20 қыркүйекте әлемде және Қазақстанда бірқатар мереке мен маңызды оқиға атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамға пайдалы адамның күні

20 қыркүйек – қоғамға пайдалы адамның күні. Бүгін қарт жандарға көмектесіп, қайырымдылық жасаған жөн. Қоғамдық ұйымға ерікті болуға немесе өз аулаңызды тазартуға атсалысуға болады. Ең бастысы, немқұрайдылық танытпай, басқаларға жақсылық жасауға асыққан абзал.

Күріш күні

Бүгін әлемде Күріш күні атап өтіледі. Бұл күнді Біріккен Ұлттар ұйымы бекіткен. Күріш күні мерекеден гөрі әлемде миллиондаған адамның аш жүргенін, оларды өлімнен күріш — нәрлі, арзан азық құтқарып жүргенін еске салатын күн. Көптеген университет пен мектепте бұл күні түрлі акциялар өткізіледі, оқушылар күні бойы тек күріш қана жейді. Осылайша, олар күнде тек қана бір тамақ жеудің не екенін сезінеді. Бірақ күріш туралы әлемдік азық-түлік проблемасы тұрғысынан қарамайтын болсақ, бұл өте дәмді өнім, одан түрлі тамақ пісіруге болады. Сондықтан бұл күні қиялыңызға ерік беріп, тіпті күріштен тәтті десерттер мен ыстық сусындар дайындауға мүмкіндік бар.

Басқа да мерекелер

Бүгін Венесуэла, Перу және Уругвайда ой-пікіріңді еркін білдіру күні. Әзербайжанда мұнайшылар күні.

20 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011519 жылы Фернан Магеллан Жер шарын айналып шығуға бағытталған экспедициясын Испанияның Санлукар-де-Баррамеда қаласынан бастады.
  • 021792 жылы Францияда ерлі-зайыптылардың ажырасуына рұқсат берілді.
  • 031870 жылы итальян әскері Римге кіріп, Италияны біріктіру үдерісін аяқтады.
  • 041946 жылы Францияның Канн қаласында алғашқы Канн кинофестивалі ашылды. Фестивальге 18 ел қатысты.
  • 051977 жылы Вьетнам Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

20 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011913 жылы Семейде алғашқы қазақ футбол командалары пайда болды: ССК, "Олимп", "Ласточка", "Орлята" және "Ярыш".
  • 021955 жылы Семейде республикалық тарихи-патриоттық "Поиск" клубы құрылды.
  • 032001 жылы Қарағандыда облыстың табиғаты мен тарихын таныстыратын этнопарк ашылды.
  • 042006 жылы Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында метанның жарылуы салдарынан 41 шахтер қаза тауып, 12-і әртүрлі дәрежеде жарақат алды.
  • 052006 жылы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогының әлемдік тобына жолдама алды.
  • 062013 жылы Қазақстанда салауатты өмір салтын, спорт пен ішкі туризмді насихаттайтын "Тұран-ТВ" телеарнасы іске қосылды.
  • 072019 жылы Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың аты берілген көше ашылды.

20 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011878 жылы америкалық жазушы Уптон Синклер дүниеге келді.
  • 021934 жылы итальян актрисасы мен әншісі Софи Лорен дүниеге келді.
  • 031939 жылы "әлемдегі ең кішкентай адам" ретінде танымал америкалық актер Мичу Месарош өмірге келді.
  • 041948 жылы америкалық жазушы-фантаст, сценарист, продюсер және редактор Джордж Мартин дүниеге келді. Ол ғылыми фантастика жанрындағы әңгімелер мен повестер, қорқынышты және фэнтези әдебиет арқылы танымал болды. Әсіресе, "Песнь Льда и Огня" романдар циклі мен HBO компаниясы түсірген "Игра престолов" белгілі сериалы түріндегі еңбегі көпшілікке мәлім.
  • 051956 жылы америкалық актер Гэри Коул дүниеге келді.
  • 061974 жылы ресейлік эстрада әншісі Катя Лель дүниеге келді.

20 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

  • 011891 жылы қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері Жұмақан Күдерин дүниеге келді.
  • 021910 жылы экономист, Қазақ КСР-нің қоғам және саясат қайраткері, құрметті теміржолшы Өтешқали Атамбаев дүниеге келді.
  • 031920 жылы агроном-ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапанов дүниеге келді.
  • 041923 жылы радиолог-онколог, медицина ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, халықаралық бейбітшілік сыйлықтың лауреаты Сайым Балмұқанов дүниеге келді.
  • 051925 жылы ақын, жазушы, драматург Жұмабай Тәшенов дүниеге келді.
  • 061958 жылы ақын, Қазақстан жастар одағы сыйлығының, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының Қасымхан Бегманов дүниеге келді.
  • 071965 жылы белгілі актер Ғани Құлжанов дүниеге келді.