Бүгін, 20 маусымда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дүниежүзілік босқындар күні
БҰҰ-ның шешімі бойынша бүгін Дүниежүзілік босқындар күні. Ол Африка босқындарының күнімен қатар аталып өтеді.
Ресейде мина-торпеда қызметінің күні
Ресейде жыл сайын мина-торпеда қызметінің кәсіби мейрамы тойланады. Бұл мейрам 1996 жылы ресми түрде бекітілген.
Аргентинада Мемлекеттік ту күні
Аргентинада Мемлекеттік ту күні аталып өтеді. Аргентина - Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Ресми тілі - испан тілі, сонымен қатар ағылшын және итальян тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі – архентино.
Халықаралық зообақтардағы пілдерді қорғау күні
Бүгін - Халықаралық зообақтардағы пілдерді қорғау күні. Бұл мерекені атап өту туралы бастаманы 2009 жылы "Жануарларды қорғау" ұйымы (IDA) көтерді.
Халықаралық Wi-Fi күні
Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық Wi-Fi күні аталып өтеді. Осы жаһандық бастама цифрлық теңсіздікті жоюды көздейді. Себебі ғаламтор арқылы халықтың білімін ғана емес, компьютерлік сауаттылығын арттырып, сондай-ақ, көзқарасын кеңейтуге болады. Бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық дамуы цифрлық әлеуетке тікелей байланысты.
20 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011840 жылы Сэмюэл Морзе телеграфтың патентін алды;
- 021934 жылы Лондондағы Ватерлоо көпірі саудаға шығарылды;
- 031967 жылы Мұхаммед Әли әскерге бармағаны үшін Хьюстон сотының шешімімен бес жылға сотталды. Оған қоса, былғары қолғап шеберіне 10 000 доллар көлемінде айыппұл салынды;
- 041993 жылы Ла-Манштың астымен өтетін Евротоннель арқылы алғаш рет теміржол рейсі жіберілді.
20 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011878 жылы шаруаларға жер беру мәселесімен айналысатын Ақмола меже партиясы құрылды;
- 021925 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ашылды;
- 031930 жылы "Жоғарғы Марианна" көмір қабаты бойынша бірінші Қарағанды шахтасының құрылысы басталды;
- 041991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР Ұлттық мемлекеттік банкінің жарғысы туралы" қаулысы қабылданды;
- 051992 жылы Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы форумы өтті;
- 061992 жылы Қазақстан Республикасы Түркі мәдениеті және өнері мәселелері жөніндегі бірлескен комитет мүшесі атанды;
- 071992 жылы Алматыдан Үрімжіге алғашқы халықаралық темір жол қатынасы ашылып, бірінші жолаушылар пойызы жолға шықты;
- 082000 жылы Астана әкімдігі мен Мәскеу үкіметі экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени шараларға байланысты келісімге қол қойды;
- 092003 жылы еліміздегі жер реформасының маңызды актісі Қазақстан Республикасының жаңа Жер кодексі қабылданды;
- 102013 жылы белгілі қазақстандық әнші, композитор, "Үркер" тобының негізін қалаушы Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанды;
- 112014 жылы "KazEOSat-2" қазақстандық жер серігі орбитадан алғаш рет телеметрикалық ақпарат берді;
- 122017 жылы режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальде үздік көркем фильм атанды.
20 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011932 жылы танымал ақын, аудармашы Роберт Рождественский дүниеге келді;
- 021937 жылы зоолог ғалым, профессор, "В мире животных" бағдарламасының жүргізушісі Николай Дроздов дүниеге келді;
- 031949 жылы АҚШ әншісі, саксофоншы, пианист Лайонел Ричи дүниеге келді;
- 041967 жылы "Оскар" мен "Алтын глобустың" иегері, австралиялық актриса Николь Кидман дүниеге келді.
20 маусымда Қазақстанда туған тұлғалар
- 011905 жылы хирург-онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ақырым Ыдырысов дүниеге келді;
- 021915 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық әртісі Мақпир Бақиев дүниеге келді;
- 031952 жылы Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, академик Жұматай Әлиев дүниеге келді;
- 041955 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қоюшы-режиссері Болат Қалымбетов дүниеге келді;
- 051956 жылы Конституциялық кеңестің мүшесі Рахмет Мұқашев дүниеге келді;
- 061972 жылы Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болған Шахрат Нұрышев дүниеге келді.
