Бүгін, 2 тамызда Қазақстанда және әлемде бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы мерекелер

Қазақстанда тамыз айының әрбір бірінші жексенбісі Көлік қызметкерлері күні аталып өтеді. Оның ресми мәртебесі бар және Қазақстанның кәсіби мерекелерінің тізбесіне енгізілген. Бұл мереке автомобиль, темір жол, су және әуе көлігі өкілдерін біріктіреді.

Әлемдегі мерекелер

Бұл күні Ресей, Украина, Беларусь және ТМД-ға мүше басқа да елдерде «ВДВ үшін» деп ұрандатады. Әуе десанты әскері күні қатардағы және запастағы әуе десанты әскерилерінің кәсіби мерекесі. Дәстүрлі түрде көптеген қалада мейрамға орай концерттер өтіп, десантшылар әскери дайындығын көрсетеді.

Сондай-ақ бүгін - Пошта жәшігінің пайда болған күні. Тарихқа үңілсек, алғашқы пошта жәшігі Франция астанасы – Парижде 1653 жылы орнатылған. Ал жиырмасыншы ғасырда бұл салада үлкен өзгерістер болып, қарқынды дамыды. Қазіргі уақытта пошта қызметі әлі күнге дейін сұранысқа ие.

Әзербайжанда 2 тамызда Ұлттық кино күні аталып өтеді. Бұл атаулы күн 2020 жылдан бері тойланып келеді. Кейбір деректерге қарағанда, тарихтағы алғашқы деректі фильмдердің бірқатары Әзербайжанда түсірілген. Олардың қатарында «Биби-Эйбаттағы өрт», «Балаханы кен орнындағы мұнай бұрқағы» және басқа да туындылар бар.

2 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011790 жылы АҚШ-та алғашқы халық санағы өткізілді;
  • 021812 жылы Одессада оба эпидемиясы басталып, әрбір оныншы азамат көз жұмды;
  • 031972 жылы Ливия мен Мысырды бір мемлекетке біріктіру туралы келісімге қол қойылды;
  • 041996 жылы Ресейде соңғы өлім жазасы орындалды. Бұл күні он бір жасөспірімді өлтірген қылмыскер Сергей Головкин атылды;
  • 052007 жылы «Мир» тереңсулы басқарылатын аппараттарымен әлемде алғаш рет Солтүстік Мұзды мұхитының Солтүстік полюстегі түбіне жетіп, сол жерге Ресей туы мен болашақ ұрпаққа арналған жолдауы бар капсула орналастырылды;
  • 062019 жылы Ресей мен АҚШ арасында жасалған Орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттың күші жойылды.

2 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011995 жылы Мысыр астанасы Каирде Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті;
  • 022005 жылы Павлодарда Баянауыл өлкесінің тарихы туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Оны Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары Мақсат Алпысбес, Ернар Кейси, Еламан Қасен және Темірғали Аршабек жазған;
  • 032007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Сеулде таныстырылды;
  • 042010 жылы Алматыда қаланың ең жас Алатау ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды;
  • 052016 жылы БҰҰ есебінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша Азия елдері арасында жетінші орынға ие болды;
  • 062016 жылы Қазақстан Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде Климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойды. Париж келісімі — БҰҰ-ның Климат өзгеруі жөніндегі конвенциясы аясындағы 2020 жылға қарай атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газын азайтуға бағытталған құжат. Оған барлығы 175 мемлекет қол қойды.

2 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011961 жылы аудармашы, Голливудтың блокбастер фильмдерін, соның ішінде пародиялық туындыларды аударған Дмитрий Пучков (Гоблин) дүниеге келді;
  • 021972 жылы ақын, музыкант әрі «Пилот» рок-тобының көшбасшысы Илья Кнабенгоф дүниеге келді;
  • 031973 жылы америкалық сценарист, продюсер және актер Саймон Кинберг дүниеге келді;
  • 041976 жылы австралиялық актер Сэм Уортингтон дүниеге келді.

2 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011952 жылы мемлекет және ғылым қызметкері Махмұд Қасымбеков дүниеге келді;
  • 021954 жылы белгілі әнші, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ерәлиева дүниеге келді;
  • 031972 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Асқар Жұмағалиев дүниеге келді.