2 шілдеде Қазақстанда және әлемде бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы мерекелер

Бүгін - Дипломатиялық қызмет күні. Ол Қазақстан президенті 2009 жылы 1 шілдеде қол қойған "1998 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан президенті жарлығына толықтырулар енгізу туралы" жарлығына сәйкес аталып өтеді.

Халықаралық мерекелер

Сонымен бірге бүгін Халықаралық спорт журналистерінің күні тойланады. Бұл күн Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының бастамасымен 1995 жылдан бастап аталып өтіп келеді.

Және де бүгін - Дүниежүзілік уфологтар күні. 2 шілдеде бүкіл әлемде беймәлім ұшатын нысан күні немесе уфологтар күні тойланады.

Сонымен қатар бүгін Халықаралық иттер күні тойланады. Ақылды жануар ыммен және сөзбей айтылған 250 бұйрықты орындай алады екен. Иттердің ойлау қабілеті 2 жастағы баланыкімен бірдей.

2 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011499 жылы Америго Веспуччи Амазонка сағасын ашты;
  • 021698 жылы Томас Сейвери әлемдегі ең алғашқы бу машинасын патенттеді;
  • 031900 жылы Парижде ІІ Олимпиада ойындары ашылды;
  • 041924 жылы Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығы құрылды;
  • 051947 жылы АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Розуэлле қаласында беймәлім ұшатын нысан (НЛО) апатқа ұшырады;
  • 061948 жылы Бе-6 ұшағы сынақтан сәтті өтті;
  • 071954 жылы Еуропалық радиохабар тарату одағының шеңберінде құрылған Халықаралық телеарна ұйымы (Евровидение) өз жұмысын бастады;
  • 081964 жылы АҚШ-та қоғамдық орындарда, оқу орындарында және сайлау кезінде нәсілдік және діни наным-сенімі бойынша қысым көрсетуге тыйым салған азаматтық құқық туралы заң күшіне енді;
  • 091976 жылы Оңтүстік Вьетнам мен Солтүстік Вьетнам бірігіп, Вьетнам біртұтас социалистік мемлекеті болып жарияланды;
  • 101990 жылы КОКП-ның тарихындағы соңғы XXVIII съезі жұмысын бастады;
  • 112001 жылы АҚШ-та пациентке AbioCor атты жасанды жүрек салынды.

2 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011996 жылы Қазақстанның "Саяси партиялар туралы" заңы қабылданды;
  • 021998 жылы Қазақстанның "Жемқорлықпен күрес туралы" заңы қабылданды;
  • 032003 жылы Қазақстан президенті "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды;
  • 042003 жылы Қазақстан президенті "Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Каспий теңізі түбін екі ел арасындағы межелеу туралы келісімді және осы келісімге хаттаманы бекіту туралы" заңға қол қойды;
  • 052007 жылы Астанада Есіл өзені арқылы өтетін М-2 автокөлік көпірі ашылды;
  • 062009 жылы Орал қаласындағы Достық даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында журналистер аллеясы ашылды;
  • 072010 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатының №4 домна пешінде Қазақстан магнитінің 50 жылдығына орай мерейтойлық шойын шығару салтанаты өтті;
  • 082011 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында экшн жанрындағы кинофестивальдің тұсауы кесілді. Бұл кинофестивальдің ұйымдастырушысы – танымал режиссер, продюссер Тимур Бекмамбетов;
  • 092014 жылы Астанада Қазақстанның ұлттық музейі ашылды;
  • 102014 жылы Gakku TV телеарнасы іске қосылды.

2 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011904 жылы француз теннисшісі, "Үлкен дулыға" турнирінің 7 дүркін жеңімпазы, Lacoste киім маркасының негізін қалаушы Рене Лакост дүниеге келді;
  • 021922 жылы француз модельері Пьер Карден дүниеге келді;
  • 031925 жылы Африканың саяси қайраткері, Конго Демократиялық Республикасының бірінші премьер-министрі Патрис Лумумба дүниеге келді;
  • 041957 жылы кеңестік және ресейлік әртіс, кинорежиссер Александра Яковлева дүниеге келді;
  • 051986 жылы АҚШ әртісі, әнші, модель, дизайнер Линдси Лохан дүниеге келді.

2 шілдеде Қазақстанда туған тұлғалар

  • 011936 жылы Қазақстанның халық әртісі Ақсақал Қалмырзаев дүниеге келді;
  • 021940 жылы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Кеңесбай Үшбаев дүниеге келді;
  • 031942 жылы Қазақстан және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шаханов дүниеге келді;
  • 041960 жылы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бұрынғы төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин дүниеге келді.