2 қазан – әлемде бірнеше маңызды мереке мен тарихи оқиға тоғысқан күн. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күн
Бүгін – Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күн. Бұл күн Үндістанның тәуелсіздігі үшін қозғалыстың басшысы, бейзорлық философиясы мен стратегиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күніне байланысты таңдалған. 24 жасынан бастап 78 жасында кісі қолынан ажал құшқанға дейін Ганди бар өмірін зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арнаған.
Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы 27 маусымда бекіткен. Басты мақсаты – Бас Ассамблея шешімінде көрсетілгендей, бейбітшілік, төзімділік, түсіністік пен зорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Электронды поштаның туған күні
Бүгін, сонымен қатар, Электронды поштаның туған күні тойланады. XX ғасырда адамдар пошташыны асыға күтіп, хат қолына тигенше тағат таппайтын. Енді қағаздың орнын электронды хаттар толығымен алмастырды десек, артық айтпаспыз. 1971 жылы 2 қазанда Р. Томилсон алғаш рет бір компьютерден екіншісіне хат жолдады. Компьютерлер бір бөлмеде тұрса да, бұл дүйім жұртты дүр сілкіндіріп, ақпарат алмасудың жаңа арнасына жол ашты. @ символын Томилсон компьютер мен қолданушының есімін ажырату мақсатында ойлап тапқан. Алғаш рет АҚШ-тың әскери желісінде пайдаланылды.
2 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011870 жылы Рим біріккен Италияның астанасына айналды;
- 021870 жылы Римді Италияға қосу жөніндегі плебисцит өтті;
- 031835 жылы Техастағы Гонсалес шайқасы болып, Техастың тәуелсіздік соғысы басталды;
- 041936 жылы АҚШ-та "құрғақ заң" алынып тасталғалы бері алғашқы ішімдік өндіруші кәсіпорын ашылды;
- 051958 жылы Гвинея Франциядан тәуелсіздігін жариялады;
- 061992 жылы Бразилиядағы Карандиру түрмесінде полиция операциясы кезінде 100-ден астам тұтқын қаза тапты;
- 071997 жылы жапон ғалымдары адам ағзасындағы биологиялық сағатқа жауап беретін генді анықтады;
- 082002 жылы Жапонияда әлемдегі алғашқы робот-инкассаторлар сатыла бастады.
2 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011980 жылы Целиноград қаласында тың игерудің 25 жылдығына байланысты бейнелеу өнері музейі ашылды;
- 021991 жылы Байқоңырдан алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды;
- 031992 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП) ашылды – ТМД-дағы жаңа үлгідегі бірінші жоғары оқу орны.
2 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011869 жылы Үндістанның тәуелсіздік қозғалысының көшбасшысы, бейбіт қарсылық идеясын ұстанған Махатма Ганди дүниеге келді;
- 021879 жылы америкалық модернист ақын, Пулитцер сыйлығының лауреаты Уоллес Стивенс дүниеге келді;
- 031890 жылы америкалық актер, комик, "Ағайынды Маркс" комедиялық тобының мүшесі Граучо Маркс дүниеге келді;
- 041904 жылы британ жазушысы, драматург әрі әдеби сыншы Грэм Грин дүниеге келді;
- 051904 жылы Үндістанның екінші премьер-министрі Лал Бахадур Шастри дүниеге келді;
- 061914 жылы кеңестік радионың әйгілі дикторы, КСРО халық әртісі Юрий Левитан дүниеге келді;
- 071917 жылы бельгиялық биохимик және цитолог, 1974 жылғы физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Кристиан де Дюв дүниеге келді;
- 081939 жылы кеңестік ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры Юрий Глазков дүниеге келді;
- 091949 жылы америкалық фотограф Энни Лейбовиц дүниеге келді;
- 101970 жылы америкалық актриса әрі тележүргізуші Келли Рипа дүниеге келді.
2 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді
- 011923 жылы жазушы, қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев дүниеге келді. "Қызыл комиссар", "Қылмыскер кім?", "Сиқырлы сырлар" атты пьесалар жазған;
- 021926 жылы кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаев дүниеге келді;
- 031944 жылы баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов дүниеге келді;
- 041948 жылы актер, режиссер, театр педагогы, Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов дүниеге келді;
- 051955 жылы суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерболат Төлепбай дүниеге келді.
