2 қарашада әлемде бірнеше маңызды мереке мен тарихи оқиға аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық мерекелер
Бүгін – Халықаралық журналистерге қарсы қылмыс үшін жазасыздықты тоқтату күні. Бұл күн Малидегі қарулы қақтығыс туралы хабар таратқан екі француз журналисі – Гислене Дюпоне мен Клоде Верлоненің құрметіне таңдалған. 2013 жылы 2 қарашада оларды содырлар ұрлап әкетіп, өлтірген болатын. Бұл қылмыс қоғамды дүр сілкіндіріп, БҰҰ баспасөз өкілдеріне зорлық-зомбылық жасау мен міндетін орындауға кедергі келтіруді айыптайтын құжат қабылдады. Өйткені халықаралық гуманитарлық құқық бойынша қарулы қақтығыс аумағында қызмет ететін БАҚ өкілдері қорғалуы тиіс әрі қақтығысушы тараптар оларды құрметтеуге міндетті.
2011 жылдан бастап жыл сайын 2 қарашада Халықаралық Петербургті тану күні аталып өтеді. Бұл қалаға сүйсінбеу мүмкін емес, себебі онда көздің жауын алатын тарихи ескерткіштер, музейлер мен сарайлар өте көп. Бір рет осы қалаға келсеңіз, сұлулығына мәңгі ғашық боласыз.
Әлемдегі тарихи оқиғалар
- 011903 жылы «The Daily Mirror» ағылшын газетінің бірінші нөмірі жарық көрді.
- 021914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресей Түркияға соғыс жариялады.
- 031947 жылы әлемдегі ең кең қанат жайған (97,51 м) ұшақ ұшырылды.
Қазақстандағы тарихи оқиғалар
- 011947 жылы «Теміртау жұмысшысы» газеті жарық көрді. 1960 жылға дейін орыс және қазақ тілдерінде шыққан.
- 021999 жылы Семей университетіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, университет ғимаратының алдына ескерткіші орнатылды.
- 032006 жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болып сайланды.
- 042009 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласында Словакия Республикасының Құрмет елшілігі ашылды.
Дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011755 жылы Франция королевасы, император Франц I мен Мария-Терезияның кенже қызы Мария-Антуанетта дүниеге келді. Ол Франция королі Людовик XVI-нің әйелі.
- 021815 жылы математик, математикалық логиканың негізін қалаушы Джордж Буль дүниеге келді.
- 031947 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, дубляж шебері Наталья Гурзо дүниеге келді. Ол Эльдар Рязановтың «Гараж» комедиясындағы рөлімен көпшілікке танымал.
- 041981 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, жұптық сырғанаудан олимпиада чемпионы (2006 жылы Максим Марининмен бірге) Татьяна Тотьмякина дүниеге келді. Ол екі дүркін әлем чемпионы (2004, 2005), бес дүркін Еуропа чемпионы (2002-2006) және Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері.
Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар
- 011841 жылы қазақтың ұлттық ағартушысы, ұстаз, білім беру саласындағы қоғам қайраткері, ақын Ыбырай Алтынсарин дүниеге келді.
- 021943 жылы сыншы, әдебиеттанушы, эссе жанрындағы жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жазушылар одағы мүшесі Бақыт Кәрібаева дүниеге келді.
