Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Kizdar.net» интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған. Интернет-ресурстың болжамды ұйымдастырушылары ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды.
Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды, деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында, дейді бас прокуратурада.
