Қазақстан чемпионатының 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда 19 жастағы Әділбек Қожахан 29 жастағы Оразбек Асылқұловты айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оразбек Асылқұлов IBA турнирінде әлем чемпионы атанған, биыл Азия чемпионы атағын да иеленді. Қазақстанның бокс федерациясы жартылай финалдың жекпе-жегінен видео жариялады, онда 19 жастағы Қожаханның деңгейі көрініп тұр.
Жетісу облысының өкілі үш раундта да басым түсті. Қорытынды есеп – 5:0.
Бұған дейін Қожахан Асылжан Серікбайды, ал ширек финалда 2024 жылғы ел чемпионы Талғат Сырымбетовты жеңіп кеткен.
Тараздағы ел чемпионатының финалдық жекпе-жектері 6 қарашада өтеді.
