19 шілдеде әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен тарихи оқиға орын алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелер
Жапонияда әйел министрлер күні аталып өтеді. 1960 жылы 19 шілдеде Накаяма Маса (Nakayama Masa, 19 қаңтар 1891 – 11 қазан 1976) Жапонияда министр қызметіне тағайындалған алғашқы әйел болды. Ол денсаулық сақтау министрлігіне басшылық етті. Сол уақыттан бері 19 шілде Жапонияда бейресми түрде әйел министрлер күні болып есептеледі.
Сондай-ақ бүгін Ресейде ішкі істер министрлігінің заңгерлері кәсіби мейрамын атап өтеді. Бұл мейрам 2003 жылы бекітілді. 1946 жылы дәл осы күні КСРО ІІМ орталық аппаратында заңгерлік бөлім пайда болған.
Әлемдегі тарихи оқиғалар
- 011814 жылы ағылшын теңіз саяхатшысы М.Флайндерз өзінің кітабында жасыл құрлықты алғаш рет Австралия деп атады.
- 021822 жылы француз ғалымы Жозеф Ньепс әлемдегі алғашқы фотосуретті жасады.
- 031908 жылы Лондондағы әулие Павел шіркеуінде Олимпиадаға ақ жол тілеген епископ алғаш рет "Ең бастысы, жеңіс емес - қатысу" деген сөздерді айтты.
- 041954 жылы Элвис Преслидің алғашқы әні шықты.
- 052003 жылы тілді ауыстыру бойынша әлемдегі тұңғыш операция сәтті өтті.
Қазақстандағы тарихи оқиғалар
- 011963 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің қаулысымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты ашылды. Қазір оқу орны Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті деп аталады.
- 022010 жылы президент "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңға қол қойды.
19 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011834 жылы француз импрессионист суретшісі және мүсіншісі Эдгар Дега дүниеге келді.
- 021893 жылы орыс ақыны, драматург, киносценарист, кинорежиссер, актер Владимир Маяковский дүниеге келді.
- 031947 жылы әйгілі Queen рок тобының гитарисі Брайан Мэй дүниеге келді.
- 041961 жылы америкалық актер әрі режиссер Кэмпбелл Скотт дүниеге келді.
- 051976 жылы британиялық театр және кино актері Бенедикт Камбербэтч дүниеге келді. Ол әсіресе "Шерлок" сериалындағы Шерлок Холмс рөлі арқылы танымал болды.
Қазақстанда 19 шілдеде кім туды
- 011936 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Гүлвира Рәзиева дүниеге келді.
- 021938 жылы Экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев дүниеге келді.
- 031960 жылы филолог, әдебиет сыншысы, режиссер, сценарист Ғалым Доскен дүниеге келді.
- 041964 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дүниеге келді.
- 051964 жылы қазақстандық белгілі саясаткер, экономика ғылымдарының докторы және агроөнеркәсіптік кешен саласының жетекші маманы Төлеутай Рахымбеков дүниеге келді. Ол 2019 жылы 9 маусымда өткен президент сайлауына "Ауыл" партиясы атынан түсті.
