Бүгін әлемдегі позитивті мерекелердің бірі — смайликтер күні. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әрбір компьютерлік "тірі" кейіпкердің өзіндік пайда болу тарихы бар. Алғаш рет ол 1982 жылы CMU Карнеги Меллон университетінде пайда болды. Смайлдар интернет қолданушыларының барлығына дерлік ұнайды, себебі оның көмегімен кез келген мәтінді түрлендіре түсуге болады. Күн өткен сайын олардың саны артып келеді.

Сондай-ақ, бүгін — халықаралық теңіз қарақшыларының күні. Аталған мереке күнтізбеге кездейсоқ енгізілді. 1995 жылдың 19 қыркүйегінде Джон Баур мен Марк Саммерс есімді екі жасөспірім күні бойы теңіз қарақшыларына ұқсап сөйлесуге келіскен. Бастапқыда бұл мерекені Канада мен Австралия ғана атап өтетін еді. Ал оптимистер мен романтик жандар бүгін көңіл-күйді жақсылап көтеру мерекесін тойлауда. Грибоедов бұл идеяға байыппен қарауды сұрайды. Кез келген тірі жан шығармашылығы мен қиялына ерік беріп еркін самғауды жөн көреді. Ал сіз неге көңіл-күйсіз жүруіңіз керек?

19 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011356 жылы Пуатье шайқасында ағылшын әскері француз әскерін жеңді;
  • 021838 жылы "тормоз кебісі" атты теміржол тормозы патенттелді;
  • 031864 жылы АҚШ-та бүктелетін көлік орындықтары патенттелді;
  • 041888 жылы Бельгияда әлемде алғаш рет сұлулық байқауы өтті;
  • 051893 жылы Жаңа Зеландияда әйелдерге сайлауда дауыс беру құқығы берілді;
  • 061957 жылы АҚШ-та алғашқы жерасты ядролық сынағы өткізілді;
  • 071983 жылы Сент-Китс пен Невис Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алды;
  • 081969 жылы Ми-24 арнайы әскери тікұшағы алғаш рет әуеге көтерілді;
  • 092006 жылы Таиландта әскери төңкеріс болды.

19 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011955 жылы Оралда "Уралагрореммаш" зауытының негізі қаланды;
  • 021957 жылы Тамғалы шатқалындағы жартас суреттері галереясы ашылды;
  • 031994 жылы Қазақстанның .kz ұлттық домені ресми түрде тіркелді;
  • 041988 жылы Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі саналатын "БанкЦентрКредит" АҚ құрылды;
  • 052002 жылы Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы құрылды;
  • 062005 жылы Алматыда жаңа ақпараттық-консультациялық "Жасыл телефон" қызметі өз жұмысын бастады;
  • 072005 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында қазақтың халық батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш орнатылды;
  • 082006 жылы Қазақстанда тұңғыш рет журналистика энциклопедиясы шығарылды;
  • 092011 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары барысында Францияда бірлескен қазақстандық-француздық өндіріс құру туралы келісімге қол қойылды;
  • 102014 жылы Павлодарда 1931 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды;
  • 112016 жылы Мәскеуде соңғы 14 жылда алғаш рет Астана қаласы күндері өтті.

19 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011911 жылы әйгілі "Масалар әміршісі" романының авторы, жазушы Уильям Голдинг дүниеге келді;
  • 021948 жылы "Оскар" сыйлығының лауреаты, британдық актер Джереми Айронс дүниеге келді;
  • 031949 жылы ағылшын супермоделі, актриса әрі әнші Твигги туды;
  • 041947 жылы кеңес театры мен киносының актері әрі режиссер, сценарист, сазгер Борис Галкин дүниеге келді;
  • 051969 жылы ресейлік кино әрі театр актрисасы, тележүргізуші Анастасия Мельникова туды ("Шамдары сынған көше" телехикаясында тергеуші Анастасия Абдулованың рөлін сомдаған);
  • 061974 жылы америкалық актер, комик және тележүргізуші Джимми Фэллон дүниеге келді;
  • 071980 жылы канадалық әнші-егіздер Теган және Сара Куин дүниеге келді.

Қазақстанда кімдер дүниеге келді

  • 011905 жылы ақын Асқар Тоқмағамбетов дүниеге келді;
  • 021916 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Әбдірахым Еламанов дүниеге келді;
  • 031926 жылы инженер-геолог, геология-минерология ғылымдарының кандидаты Ахметжан Сәлімбаев дүниеге келді;
  • 041960 жылы қаржы саласының маманы, бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов дүниеге келді;
  • 051984 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев дүниеге келді.