19 қазанда Қазақстанда Құтқарушы күні аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2008 жылы 19 қазанда Қазақстандағы кәсіптік мейрамдардың қатарына Құтқарушы күні қосылды. 1995 жылы құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді. Құтқарушының жұмысы өте қиын және кәсіби біліктілікті талап етеді. Олардың басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қиятынын ұмытпаған жөн.

Сонымен қатар 19 қазанда әлемде Болашаққа хат жазу күні атап өтіледі. Қазіргі заманауи технологиялар видео, аудио және электронды хат жазуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, кәдімгі қағазға жазу дәстүрі де әлі бар. Өкінішке қарай, мұндай бірегей идеяның авторы кім екені тарихта белгісіз болып қалып отыр.

19 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011867 жылы әуе-реактивтік қозғалтқышы бар ұшақ патенттелді.
  • 021920 жылы А. Горький атындағы Орал мемлекеттік университетінің негізі қаланды.
  • 031941 жылы АҚШ-та "стрептомицин" антибиотигін дайындап шығарды.
  • 041988 жылы Ка-126 тікұшағы алғаш рет ұшырылды.

19 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011928 жылы Қарағанды облысы Қарсақпай елді мекенінде Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты ("Жезқазғантүстімет" АҚ) құрылды.
  • 021989 жылы Семей полигонында соңғы жерасты ядролық жарылыс (221-ші) жүргізілді.
  • 032012 жылы алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін "24KZ" телеарнасы іске қосылды. Телеарна цифрлық телевизияны дамыту ұлттық бағдарламасы аясында арнайы ашылды, ол "Otau TV" ұлттық спутник жүйесі арқылы ақпарат таратады.
  • 042013 жылы Қазақстан Өндіруші салалардағы ашықтық бастамасын (ӨСАБ) жақтаушы мәртебесін алды.
  • 052016 жылы Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа арналған ескерткіштің ресми ашылу салтанаты болды.

19 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011862 жылы киноның негізін қалағандардың бірі, француз киноиндустриясы мен кинорежиссурасының негізін салған Огюст Люмьер дүниеге келді.
  • 021918 жылы кеңес ақыны, драматург, прозашы, өз әндерінің авторы мен орындаушысы Александр Галич өмірге келді.
  • 031966 жылы америкалық актер, продюсер, режиссер Джон Фавро дүниеге келді.

19 қазанда Қазақстанда кім туды

  • 011924 жылы Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен "Халық қаһарманы" Рақымжан Қошқарбаев өмірге келді.
  • 021930 жылы кеңес және қазақ ғалымы, профессор, Ресей медицина ғылым академиясының және Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушысы Төрегелді Шарманов дүниеге келді.
  • 031933 жылы медицина ғылымының докторы, профессор, өмір бойы балалар денсаулығын сақтау және отандық педиатрия ғылымын дамыту жолында еңбек еткен Әукен Мәшкеев дүниеге келді.
  • 041946 жылы Қазақстанның ұлттық кәсіпқой қолданбалы қолөнері негізін қалаушылардың бірі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Батырбек Өтеп дүниеге келді.
  • 051956 жылы белгілі жазушы-драматург Рақымжан Отарбаев дүниеге келді.