Бүгін, 19 маусымда, әлемде бірнеше маңызды мерекелер мен тарихи оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы күн

2015 жылы 19 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясы әртүрлі қақтығыстар жағдайында (саяси, діни, ұлттық сипаттағы халықаралық, мемлекетішілік (азаматтық) соғыстар) жыныстық зорлық-зомбылық көрсету мәселесіне көпшіліктің назарын аударту мақсатында осы күнді арнайы қарармен бекітті.

Кувейт ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні

Кувейт ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Аталған мейрам 1961 жылы ресми түрде енгізілген. Кувейт Батыс Азияда, Арабия түбегінің солтүстік-шығысы мен Парсы шығанағының 9 аралында орналасқан. Діні - исламның сүннит және шиит тармақтары. Кувейттің басқару формасы - конституциялық монархия.

Алжирде Төңкеріс күні

Алжирде 1965 жылдан бері Төңкеріс күні тойланады. Бұл мемлекет Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Ақша бірлігі – динар.

Венгрия Тәуелсіздік күні

Венгрия Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Бұл мейрам ресми күнтізбеге 2001 жылы енгізілді. Атаулы күн Венгрияға кеңестік басқыншылықтың аяқталуына, сондай-ақ 1956 жылғы Венгрия төңкерісін басып-жаныштаушыларды жазаға тартуға орай белгіленді.

АҚШ-та Эмансипация күні

АҚШ-та Эмансипация күні тойланады. Сондай-ақ, бұл мерекені "Бостандық күні" деп атайды. 1862 жылы Техас штатында афроамерикалықтар құлдықтан босатылған болатын. Осыған орай Эмансипация күні белгіленді.

Жер радиусының күні

Бұдан бөлек, 19 маусымда Жер радиусының күні аталып өтеді. Себебі дәл осы күні грек ғалымы Эратосфен Киренский жердің радиусын есептеп шығарды.

19 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011829 жылы сэр Роберт Пиль Лондон полициясын құрды;
  • 021862 жылы АҚШ-тың барлық штатында құл ұстауға тыйым салынды;
  • 031999 жылы Counter-Strike атты онлайн-шутердің алғашқы нұсқасы (1.0 Beta) шықты.

19 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011918 жылы "Ақтөбе хабаршысы" газетінің бірінші нөмірі жарық көрді;
  • 022000 жылы Петропавл қаласында музыкалық драма театры ашылды;
  • 032001 жылы Қазақстанда 184,5 шақырымдық "Ақсу-Дегелең" темір жолы іске қосылды;
  • 042007 жылы қалалық мәслихат шешімімен Семипалатинск қаласы ресми түрде Семей болып өзгертілді;
  • 052009 жылы Семейде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыздануды қолдау митингісіне қатысып, Семей полигоны жабылған күн - 29 тамызды Дүниежүзілік жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту күні деп жариялау бастамасын көтерді;
  • 062010 жылы Астанада қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының еңселі ескерткіші ашылды.

19 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011662 жылы француз математигі, механик, физик, әдебиеті және философ Блез Паскаль дүниеге келді;
  • 021945 жылы ресейлік театр және кино әртісі Наталья Селезнева дүниеге келді;
  • 031972 жылы француз актері, "Оскар" мен "Алтын глобустың" иегері Жан Дюжарден дүниеге келді.

19 маусымда Қазақстанда кім туды

  • 011884 жылы қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаев дүниеге келді;
  • 021966 жылы "Алаш" мәдениет және рухани даму институтының директоры, профессор, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының, Қазақстан Республикасы президенті стипендиясының иегері Дихан Қамзабекұлы дүниеге келді;
  • 031976 жылы "Алтын Жұлдыз" сыйлығының, Қазақстан Республикасы президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты Ғалым Боқаш дүниеге келді.