Бүгін БҰҰ-ға мүше елдер Нельсон Мандела күнін атап өтеді. Мерекені 2009 жылдың қараша айында БҰҰ-ның бас ассамблеясы бекіткен. Халықаралық мерекелер күнтізбесіндегі бұл дата Африканың бұрынғы президенті Нельсон Ролихлахла Манделаның құрметіне пайда болды. Ол адам құқығы үшін күрескен белсенді тұлғалардың бірі. Бұл үшін өмірінің 26 жылын түрмеде өткізген. Ал 1993 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алды. Бейбітшілік – соғыссыз өмір деген түсінік емес, ол түрі мен тіліне, діні мен діліне қарамастан, барша халықтың бейбіт өмір сүруі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
18 шілдеде АҚШ-та Ұлттық хот-дог күні аталып өтеді. Америкалықтар өздерінің ең сүйікті тағамдарына арнап мереке күнін бекіткен. Бұл күні тұрғындар жаппай хот-дог жейді. Хот-догты сүйіп жейтіндердің ұлттық кеңесі де бар екен. Әр қалада әзірленетін хот-догтың өз ерекшелігі бар. Бірақ мұндай мерекеден кейін бір-екі күн асқазанға ауыр болатын тағамдарды жемеген абзал.
2011 жылдың 18 шілдесі күні интернет қолданушылардың бірі "Бақытты жан" күнін атап өтуді ұсынған. Ерекше мереке идеясы көпшілік тарапынан қолдау тапты. Бақытты болу үшін адамға не қажет деген мәселе төңірегінде пікірталас қызды. Бастысы, бұл үшін өмірдің әр сәтін бағалай білу керек.
18 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011898 жылы испаниялық Атлетик Бильбао футбол клубының негізі қаланды;
- 021925 жылы АҚШ-та әйелдердің көлікті ерлерден кем жүргізбейтіні жарияланды;
- 031986 жылы АҚШ экрандарына Сигурни Уивер басты рөлді сомдаған "Чужие" фильмі шықты;
- 042000 жылы Лондонда Джон Леннонның ескерткіші ашылды.
18 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011907 жылы Шығыс Қазақстанда ерекше құрылыс - шегесіз, ағаштан жасалған мешіт салынды;
- 022001 жылы Орал қаласында Балалар мен жасөспірімдердің велосипед спорты мектебі ашылды;
- 032014 жылы астанада елордалық Сот төрелігі сарайы жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті;
- 042014 жылы елордада Назарбаев университеті базасында технологиялық парк ашылды. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асады.
18 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011811 жылы ағылшын жазушысы Уильям Теккерей дүниеге келді;
- 021938 жылы америкалық режиссер Пол Верховен дүниеге келді;
- 031950 жылы ағылшын миллиардері, бірнеше кітап авторы Ричард Брэнсон дүниеге келді;
- 041967 жылы америкалық актер, сценарист, режиссер, продюсер Вин Дизель дүниеге келді;
- 051982 жылы үнді актрисасы, модель, "Әлем аруы -2000" жеңімпазы Приянка Чопра дүниеге келді.
18 шілдеде Қазақстанда кім туды
- 011939 жылы жазушы, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Төлек Тілеуханов дүниеге келді;
- 021966 жылы актер, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағи Әшімов дүниеге келді. Алматы театр және кино институтын бітірген. Кинодағы ең алғашқы рөлі - "Өз дәніңді өсір" фильміндегі Қалам. Кейін "Мазасыз балалар", "Ойлануға бір ай", "Қаралы сұлу", "Айсұлу жайлы аңыз" сынды фильмдерде ойнады.
