Бүгін, 18 қыркүйекте әлемде бірнеше халықаралық мереке мен атаулы күн атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық мерекелер

Бүгін Халықаралық суға мониторинг жүргізу күні. Мереке 2003 жылдан бері атап өтіліп келеді. Бұл мереке Американың таза су қорының бастамасымен экологиялық мереке ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда ол ақпараттық, арнайы бағдарламаға айналып, қоғамның қоршаған ортаны таза ұстау, су ресурстары проблемаларына қатысты білімін көбейту үшін бағытталған.

18 қыркүйек күні Австралиядан бастап АҚШ-қа дейінгі көптеген мемлекет чизбургер күнін атап өтіп жатыр. Аңыз бойынша, 1920 жылдары Лионель Штернбергер есімді жас аспаз Пасадендегі (Калифорния штаты) дәмханалардың бірінде алғаш рет гамбургерді байқамай күйдіріп алады. Алайда ол қатты күйіп кеткен етті қоқысқа тастаудың орнына, оның бетін ірімшікпен жабады. Бұл гамбургер қонақтарға қатты ұнап қалады. Ірімшік пен ет қосылған гамбургер осылай пайда болып, ақырында чизбургер деген атқа ие болды.

Бұдан басқа бүгін Бүкіләлемдік тең еңбекақы күні. Бұл атаулы күнді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) ерлер мен әйелдер арасындағы еңбекақы алшақтығын жою және бірдей еңбек үшін тең ақы төлеу принципін қолдау мақсатында бекіткен.

Сондай-ақ бүгін Халықаралық электронды кітап күні. Бұл атаулы күн алғаш рет 2014 жылы цифрлық әдебиетті таратумен айналысатын ірі "OverDrive" компаниясының бастамасымен бекітілген. Мерекенің басты мақсаты — электронды құрылғылар (смартфондар, планшеттер, ридерлер) арқылы кітап оқудың ыңғайлылығы мен тиімділігін насихаттау және цифрлық оқу мәдениетін қолдау.

18 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011698 жылы Бастилияға "Темір бетперде" есімді құпия тұтқын жіберілді;
  • 021830 жылы Райлиз Таверн мен Балтимор арасында болған 9 мильдік жарыста ат бірінші Америка паравозын басып озды;
  • 031851 жылы АҚШ-та "Нью-Йорк таймс" газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты;
  • 041934 жылы КСРО ұлттар лигасының құрамына кірді;
  • 051980 жылы Куба ғарышкерімен бірге "Союз-38" ғарыш кемесі ұшырылды.

18 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011975 жылы Алматы облысында Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды;
  • 021992 жылы мемлекеттік "Қазақстан" телерадио компаниясы құрылды;
  • 032000 жылы "Қазақстан петролеум" қауымдастығы мұнай және газ геологиясы туралы ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі терминологиялық сөздік шығарды;
  • 042006 жылы Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған "Тәуелсіздік таңы" ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті;
  • 052009 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды;
  • 062010 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Мұхаммед Сужиковтың 100 жылдығына арнап "Халыққа сыйға берген жүрек" ("Сердце, отданное народу") атты кітап жарыққа шықты;
  • 072015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи құжаттар көрмесі ашылды;
  • 082016 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Дина Нүрпейісоваға арналған "Дала әуендері" мүсінін Алматы қаласында орналасқан мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығына тарту етті.

18 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011819 жылы күн сәулесінің жылдамдығын өлшеген француз физик, гироскоп пен Фуко маятнигін жасаушы Жан Бернар Леон Фуко туды;
  • 021905 жылы швед әрі Америка актрисасы Грет Гарбо дүниеге келді;
  • 031971 жылы Ресейдің опера әншісі, халық әртісі Анна Нетребко туды;
  • 041988 жылы экстрасенс, көріпкел Мэрилин Керро жарық дүние есігін ашты.

18 қыркүйекте Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

  • 011926 жылы жазушы Сейтқан Әбілқасымұлы дүниеге келді;
  • 021952 жылы мемлекеттік және саяси қайраткер Сергей Дьяченко дүниеге келді;
  • 031955 жылы ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Тынысбек Қоңыратбай дүниеге келді.