18 маусымда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелер

**Дүниежүзілік үйлесімділік (гармония) күні** – "Гармония" сөзі грек тілінен аударғанда "тәртіп, үйлесімділік" деген мағынаны білдіреді.

**Гастрономия күні** – Гастрономия - тамақтану салты мен мәдениет арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – тұрақты даму үшін гастрономияның маңызын түсіндіру.

**Балалар арбасының күні** – Тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы балалар арбасы 1730 жылы қолданылды. Девоншир (Англиядағы дворян титулы) герцогының ұрпақтары арбаға жатқызылған. Балалар арбасын шотландиялық пони жегіліпті.

18 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011906 жылы Марков республикасы құлады;
  • 021939 жылы Украинаның Канев қаласындағы Тарас Шевченко зиратында ескерткіш орнатылды;
  • 031953 жылы Жапонияның Татикава қаласында америкалық "C-124" әскери ұшағы апатқа ұшырап, 129 адам қаза тапты;
  • 041972 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон маңында "Трайдент" ұшағы құлап, 118 адам көз жұмды.

18 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011992 жылы КСРО-ның Түркістан әскери округі таратылды;
  • 022006 жылы таңғы сағат 4.44-те Байқоңырда байланыс және хабар тарататын "ҚАЗСАТ" атты тұңғыш геостационарлық жер серігі ғарышқа ұшырылды;
  • 032009 жылы Оралда б.з.д. VI-II ғасырларға жататын археологиялық қазбалар табылды;
  • 042013 жылы Астанада Talan Towers көпбейінді кешенінің құрылысы басталды;
  • 052014 жылы қазақстандық ғалымдар туберкулез ауруына қарсы тиімді күресетін дәрі ойлап тапты;
  • 062015 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында натрий цианидін шығаратын жалғыз зауыт Talas Investment Company кәсіпорны іске қосылды.

18 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011903 жылы америкалық әнші және әртіс Джанет Макдональд дүниеге келді;
  • 021942 жылы атақты ұлыбританиялық әнші, музыкант, композитор, The Beatles, The Wings тобының мүшесі Пол Маккартни дүниеге келді;
  • 031963 жылы америкалық Guns N’ Roses рок тобының мүшесі Диззи Рид дүниеге келді;
  • 041976 жылы ресейлік әзіл-сықақшы, тележүргізуші, киноактер және әнші Максим Галкин дүниеге келді.

18 маусымда Қазақстанда кім туды

  • 011915 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы отан соғысының ардагері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Александр Сергеев дүниеге келді;
  • 021921 жылы филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлы отан соғысының ардагері Ғұбайдолла Айдаров дүниеге келді;
  • 031939 жылы профессор, ветеринария ғылымының докторы Қадыр Бияшев дүниеге келді.