Бүгін, 17 тамызда, Бүкіләлемдік бұралқы жануарлар күні (International Homeless Animals Day) атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл күн Халықаралық жануарлардың құқығын қорғау қоғамының (International Society for Animal Rights, ISAR) бастамасымен бекітілген. Олар бұл ұсынысты 1992 жылы жария етті, бастаманы түрлі елдердің жануарларды қорғау ұйымдары қолдады. Бұл күн мейрам емес, оның мақсаты - панасыз қалған жануарлар проблемасын көтеріп, оларды мейлінше көп адамға жеткізу.

Бүкіл әлем бойынша бүгін қайырымдылық шаралары өтеді. Волонтерлер концерттер, конкурстар мен аукциондар өткізіп, одан түскен қаржыны бұралқы жануарларға, бірінші кезекте иттер мен мысықтарға қамқорлық көрсетуге жұмсайды.

Ресейде Әуе флоты күні

Ресейде бүгін Әуе флоты күні аталып өтеді. Тәуелсіз Ресейдің қазіргі тарихына сүйенсек, мейрам 1992 жылы бекітілген. Ал егер ертеректегі тарихқа үңілсек, әуе флотына Николай 2 мен Иосиф Сталин үлкен мән берген.

Қытайда Ци Си мейрамы

Қытайда бүгін Ци Си мейрамы – ең романтикалық дәстүрлі мереке, ол бақташы мен тоқымашы арасындағы махаббат тарихымен тығыз байланысты.

17 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011771 жылы ағылшын ғалымы Джозеф Пристли фотосинтезді ашты;
  • 021787 жылы Будапеште бірлесіп ғибадат жасауға рұқсат етілді;
  • 031807 жылы америкалық өнертапқыш Роберт Фултонның "North River Steamboat" пароходы Нью-Йорктен Олбаниға алғашқы коммерциялық сапарын жасады;
  • 041896 жылы Бриджет Дрисколл тарихта тұңғыш рет автокөлік соғып өлтірген адам ретінде қалды;
  • 051903 жылы АҚШ-та Пулитцер сыйлығы бекітілді;
  • 061928 жылы Мәскеуде "Динамо" стадионы ашылды;
  • 071960 жылы Габон Франциядан тәуелсіздігін жариялады;
  • 081974 жылы Гаванада алғаш рет бокстан әлем чемпионаты ашылды;
  • 091977 жылы кеңестік "Арктика" атом мұзжарғышы Солтүстік полюске жеткен алғашқы жерүсті кемесі болды;
  • 101982 жылы Philips компаниясы алғашқы коммерциялық компакт-дискілердің өндірісін бастады;
  • 111999 жылы Түркияның Измит қаласы маңында магнитудасы 7,6 болатын жойқын жер сілкінісі болып, 17 мыңнан астам адам қаза тапты;
  • 122008 жылы америкалық жүзуші Майкл Фелпс Бейжің Олимпиадасында сегізінші алтын медалін жеңіп алып, бір Олимпиададағы алтын медаль саны бойынша рекорд орнатты.

17 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011947 жылы Өскемен қаласында түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау жөніндегі "Қазгипроцветмет" институты құрылды;
  • 022000 жылы Алматыдағы Орталық концерт залына композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді;
  • 032006 жылы "Әлем діндері" және "Діни ғимараттар" атты екі пошта маркасы айналымға енгізілді;
  • 042009 жылы Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылы жанындағы "Хан сүйегі" төбесінде Уәли хан кесенесі бой көтерді;
  • 052010 жылы Астана 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге өтініш берді;
  • 062011 жылы Шымкент ТМД және ЕурАзЭҚ елдерінің арасындағы ең үздік қала деп танылды.

17 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011601 жылы француз философы және математигі Пьер Гассенди дүниеге келді;
  • 021893 жылы америкалық актриса, ең атышулы жұлдыздардың бірі Мэй Уэст дүниеге келді;
  • 031911 жылы шахматтан кеңес одағының алғашқы чемпионы Михаил Ботвинник дүниеге келді;
  • 041935 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері, КСРО халық әртісі Олег Табаков дүниеге келді;
  • 051943 жылы америкалық актер Роберт де Ниро дүниеге келді;
  • 061960 жылы америкалық актер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Шон Пенн дүниеге келді;
  • 071977 жылы француз футболшысы Тьерри Анри дүниеге келді.

17 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011924 жылы филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Рабиға Сыздық дүниеге келді;
  • 021940 жылы суретші-мүсінші, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Ольга Прокопьева дүниеге келді;
  • 031963 жылы бұрынғы бас прокурор Жақып Асанов дүниеге келді;
  • 041992 жылы қазақстандық ауыр атлет, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков дүниеге келді.