Бүгін, 17 шілдеде, әлемде бірнеше мереке аталып өтеді. Ең танымалы — Диснейлендтің туған күні. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Диснейлендтің туған күні

Таңғажайып ертегі әлемінде сан түрлі кейіпкерді көруге болады. Диснейлендке бару әр баланың ғана емес, ересек адамдардың да арманы. Ол 1955 жылы 17 шілдеде Калифорния штатындағы Анахайм қаласында пайда болды. Бұл күні кәсіпкер, екі қыздың әкесі Уолт Дисней балаларға арналған өзінің бірінші саябағын ашты. Жобаға 17 миллион доллар жұмсалған.

Сыйлық сыйлау күні

Сондай-ақ, 17 шілдеде сыйлық сыйлау күні. Бүгін жақындар мен туған-туысқандарға, тіпті бейтаныс адамдарға да сыйлық беруге болады. Бастысы, қымбат тарту жасау емес, көңіл-күй сыйлау. Бұл мереке көптеген елдерде аталып өтеді. Кімге сыйлық ұсыну керек екенін өзіңіз шешіңіз.

Оңтүстік Кореяда Конституция күні

17 шілде күні Оңтүстік Кореяда Конституция күні аталып өтеді. Алғашқы Оңтүстік Корея елінің негізі қағаз жүзінде 1948 жылдың 18 тамызында қаланды.

Ресейде этнограф күні

Бүгін - Ресейде этнограф күні. Алайда этнографтар кең ауқымда атап өтеді. Мереке орыс этнографы, саяхатшы Николай Миклухо-Маклайдың құрметіне белгіленген. Орыс этнографтарының айтуынша, кәсіби мереке ХХ ғасырдың 70-80 жылдары аталып өте бастаған.

17 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011775 жылы АҚШ-та әлемдегі алғаш әскери госпиталь ашылды;
  • 021902 жылы Уиллис Кэрриер алғашқы ауа баптағыштың жобасын ұсынды;
  • 031919 жылы поляк-украин соғысы аяқталды;
  • 041968 жылы Лондонда "Битлз" мультипликациялық фильмінің премьерасы өтті.

17 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011998 жылы Қазақстан мен Қырғызстан республикалары арасындағы мемлекеттік шекараны межелеу туралы меморандумға қол қойылды;
  • 022006 жылы Қазақстанда алғаш рет зейнеткерлерге несие беру жөніндегі жоба іске қосылды;
  • 032009 жылы Павлодар облысының Май ауданында асфальт-бетон зауыты жұмысын бастады.

17 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011797 жылы француз суретшісі Поль Деларош дүниеге келді;
  • 021935 жылы канадалық актер, кинопродюсер "Эмми" және "Алтын глобус" премияларының лауреаты Дональд Сазерленд дүниеге келді;
  • 031939 жылы кеңес футболшысы, жартылай қорғаушы Валерий Воронин дүниеге келді. КСРО спорт шебері (1960), халықаралық санаттағы КСРО спорт шебері (1964), еңбек сіңірген спорт шебері (1966);
  • 041954 жылы неміс мемлекеттік және саяси қайраткері Ангела Меркель дүниеге келді. 2005 жылдың 21 қарашасынан бастап Германия канцлері болды. Германия тарихындағы канцлер лауазымына дейін жеткен тұңғыш әйел. 2000 жылдың 10 сәуірінен бастап Христиан-демократиялық одағы партиясының лидері. Forbes журналында әлемдегі беделді әйелдер тізімінде көш бастады.

17 шілдеде Қазақстанда кім туды

  • 011906 жылы қазақ композиторлық музыкасының негізін қалаушы, қазақ ұлттық музыкасының этнографы Латиф Хамиди дүниеге келді;
  • 021947 жылы суретші, мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Бақытжан Әбішев дүниеге келді.