Республикамыздың солтүстігінде, шығысында және қиыр батысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауа райы болжамы

Батыста жаңбыр, найзағай, шығыста, солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Қазақстанның қалған аумағында ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Үсік қаупі

Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 1-8 градус үсік күтіледі.

Өрт қаупі

Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.