17 қазанда халықаралық кедейлікпен күрес күні және майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кедейлікке қарсы күрес күнін мерекелер қатарына қосуға келмейтін күндерге жатқызуға болады. Оны 1987 жылы Париждегі Трокадеро алаңына кедейліктен қайтыс болған адамдардың құрметіне ескерткіш қойғалы атап өтіп келеді. Бұл мерекені күнтізбеге енгізу бастамасын "Төртінші әлем" қозғалысы көтерді. Оның мүшелері әртүрлі науқан ұйымдастыру арқылы қоғам мен биліктің назарын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына аударуға тырысады.
Сондай-ақ, 17 қазан күні майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Ең бастысы, отырыстың қайда өтетінін белгілеу және қажетінше көбірек майшам сатып алу. Мұнымен қатар, майшамның қандай түрі болатыны да маңызды емес. Бұл күні отбасымен дастархан басына жиналып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жастық шағыңызда не істегеніңіз туралы айтып беруіңізге болады. Тағы бір нұсқа — достармен жиналып, қызықты әңгіме-дүкен құру. Мұнымен қатар, сүйіктіңізбен бірге романтикалық кеш өткізуіңізге де болады. Егер бұл мерекені кіммен бірге өткізеріңізді білмесеңіз мұңаймаңыз. Кересінше бұл тыныштықта қалып, жан дүниеңізді ретке келтіруге таптырмас мүмкіндік болмақ.
17 қазан күні болған тарихи оқиғалар
- 011740 жылы Петропавл-Камчат қаласы құрылды;
- 021777 жылы АҚШ-тың тәуелсіздік соғысы кезінде британ әскері Саратога шайқасында америкалық әскерге берілді;
- 031814 жылы Лондонда сыра сақталған үлкен бөшкелер жарылып, көшелерді сыра басып қалды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты;
- 041855 жылы болат дайындау процесі патенттелді;
- 051860 жылы Шотландияда гольфтан алғашқы ашық чемпионат — The Open Championship өтті;
- 061902 жылы АҚШ-та "Кадиллак" маркалы алғашқы автомобиль шықты;
- 071918 жылы Мәскеуде әлемдегі ең бірінші мемлекеттік ойыншықтар музейі ашылды;
- 081933 жылы физик Альберт Эйнштейн нацистік Германиядан қашып, АҚШ-қа келді;
- 091973 жылы араб мұнай экспорттаушы елдері бірқатар мемлекетке мұнай жеткізуді шектей бастады. Бұл әлемдік мұнай дағдарысына әсер етті.
17 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011981 жылы Алматыда Мәскеу және Алатау аудандары құрылды;
- 021981 жылы Алматының миллионыншы тұрғыны Бауыржан Қадырсызов дүниеге келді;
- 031992 жылы Алматы облысының Күрті ауданында батыр, ғалым, Қазыбек Тауасарұлына ескерткіш орнатылды;
- 041992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды;
- 052008 жылы Түркия Республикасы Ризе қаласының университетінде Махмуд Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына арналған "Ата сөздігіміз, рухани кенішіміз" халықаралық симпозиумі болып өтті;
- 062008 жылы Астанада "Ортақ әлем: әр түрлілік арқылы прогреске" халықаралық форумы өтті.
17 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011915 жылы америкалық драматург әрі жазушы Артур Миллер дүниеге келді;
- 021947 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Валентина Кособуцкая туды;
- 031948 жылы канада-америкалық актриса әрі продюсер Марго Киддер дүниеге келді;
- 041956 жылы ғарышқа ұшқан алғашқы афроамерикалық әйел Мэй Джемисон дүниеге келді;
- 051967 жылы Ресейдің мемлекеттік қайраткері, дипломат, аудармашы және Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүние есігін ашты;
- 061972 жылы америкалық рэпер әрі актер Эминем дүниеге келді;
- 071988 жылы украиналық әнші Иван Дорн туды.
17 қазанда Қазақстанда кім туды
- 011938 жылы философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Сәбит дүниеге келді;
- 021939 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Орысбай Баймырзаев туды;
- 031943 жылы жазушы Шәкен Күмісбайұлы өмірге келді;
- 041943 жылы ақын Мінуар Әкімханов туды;
- 051961 жылы қоғам қайраткері, Сенаттың бұрынғы депутаты Зәуреш Батталова дүниеге келді;
- 061970 жылы қазақ эстрадасының әншісі Толқын Забирова дүниеге келді.
