17 қазанда халықаралық кедейлікпен күрес күні атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл күнді мерекелер қатарына қосуға келмейтін күндерге жатқызуға болады. Кедейлікке қарсы күрес күнін ойланбастан осы категорияға жатқызуға болады. Оны 1987 жылы Париждегі Трокадеро алаңына кедейліктен қайтыс болған адамдардың құрметіне ескерткіш қойғалы атап өтіп келеді. Бұл мерекені күнтізбеге енгізу бастамасын "Төртінші әлем" қозғалысы көтерді. Оның мүшелері әртүрлі науқан ұйымдастыру арқылы қоғам мен биліктің назарын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына аударуға тырысады.
Сондай-ақ, 17 қазан күні майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Ең бастысы, отырыстың қайда өтетінін белгілеу және қажетінше көбірек майшам сатып алу. Мұнымен қатар, майшамның қандай түрі болатыны да маңызды емес. Бұл күні отбасымен дастархан басына жиналып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жастық шағыңызда не істегеніңіз туралы айтып беруіңізге болады. Тағы бір нұсқа — достармен жиналып, қызықты әңгіме-дүкен құру. Мұнымен қатар, сүйіктіңізбен бірге романтикалық кеш өткізуіңізге де болады. Егер бұл мерекені кіммен бірге өткізеріңізді білмесеңіз мұңаймаңыз. Кересінше бұл тыныштықта қалып, жан дүниеңізді ретке келтіруге таптырмас мүмкіндік болмақ.
17 қазан күні болған тарихи оқиғалар
- 011740 жылы Петропавл-Камчат қаласы құрылды;
- 021855 жылы болат дайындау процесі патенттелді;
- 031902 жылы АҚШ-та "Кадиллак" маркалы алғашқы автомобиль шықты;
- 041918 жылы Мәскеуде әлемдегі ең бірінші мемлекеттік ойыншықтар музейі ашылды.
17 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011981 жылы Алматыда Мәскеу және Алатау аудандары құрылды;
- 021992 жылы Алматы облысының Күрті ауданында батыр, ғалым, Қазыбек Тауасарұлына ескерткіш орнатылды;
- 031992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды;
- 042008 жылы Түркия Республикасы Ризе қаласының университетінде Махмуд Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына арналған "Ата сөздігіміз, рухани кенішіміз" халықаралық симпозиумі болып өтті;
- 052008 жылы Астанада "Ортақ әлем: әр түрлілік арқылы прогреске" халықаралық форумы өтті.
17 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011947 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Валентина Кособуцкая туды;
- 021948 жылы канада-америкалық актриса әрі продюсер Марго Киддер дүниеге келді;
- 031967 жылы Ресейдің мемлекеттік қайраткері, дипломат, аудармашы және Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүние есігін ашты.
17 қазанда Қазақстанда кім туды
- 011938 жылы философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Сәбит дүниеге келді;
- 021939 жылы ғалым, филология ғылымдарының докторы Керімбек Сыздықов дүниеге келді;
- 031939 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Орысбай Баймырзаев туды;
- 041943 жылы жазушы Шәкен Күмісбайұлы өмірге келді;
- 051943 жылы ақын Мінуар Әкімханов туды;
- 061970 жылы қазақ эстрадасының әншісі Толқын Забирова дүниеге келді.
