Бүгін – дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мереке 1994 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап аталып өтеді. Сондай-ақ, 17 маусымда Исландияда тәуелсіздік күні аталып өтеді. Ел аумағы әкімшілік жағынан 8 аймаққа, 23 ауданға бөлінеді. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ол 4 жылға ашық сайлау арқылы сайланады. Заң шығару билігін президент пен бір палаталы парламент "Альтинг" жүргізеді. Исландия 930 жылдан 1262 жылға дейін тәуелсіз мемлекет болды. Алайда 1262 жылдан Норвегия колониясы, 1380 жылы Данияның иелегіне өтті. Мемлекет қайраткері Йоун Сигурдссон Данияға қарсы Исландияның ұлт-азаттық қозғалысын бастап, сауда монополиясын тоқтатуды талап етті. Исландия 1944 жылы 17 маусымда тәуелсіздігін алды.
17 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011970 жылы америкалық ғалым Эдвин Лэнд Polaroid камерасын патенттеді.
- 021985 жылы Discovery каналының кабельді желісі пайда болды.
- 031989 жылы Берлинде "Ил-62" ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 22 адам қаза тапты.
- 041990 жылы Киевте "Чернобыль" одағы құрылды.
17 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011992 жылы "Ана тілі" баспасы Ахмет Байтұрсынұлының "Тіл тағлымы" атты кітабын басып шығарды.
- 021993 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институты құрылды.
- 031998 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының алдында ұлы композитор, Қазақстан әнұранының авторы, халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды.
- 042011 жылы Ресейдің Астрахань облысында Бөкейхан мавзолейінің құрылысы басталды.
- 052015 жылы Атырау облысы Индер ауданының Теректі жерінде ортағасырлық жауынгердің қорымы табылды.
- 062016 жылы Ақтөбеде қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанованың құрметіне көше аталды.
17 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011929 жылы армян шахматшысы, халықаралық гроссмейстер, шахматтан әлем чемпионы Тигран Петросян дүниеге келді.
- 021903 жылы кеңес және орыс ақыны, драматург, журналист, сценарист, әскери тілші Михаил Светлов дүниеге келді.
- 031939 жылы польшалық кинорежиссер, TOR киностудиясының көркемдік жетекшісі және директоры Кшиштоф Занусси дүниеге келді.
- 041953 жылы украиналық әнші, композитор, Украинаның халық әртісі Иван Бобул дүниеге келді.
- 051962 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері Александра Захарова дүниеге келді.
17 маусымда Қазақстанда кім туды
- 011945 жылы Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Өскенбай Мәдиев дүниеге келді.
- 021949 жылы спортшы, жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері, 800, 1500, 3000 метрлік қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Бекен Күреңкеев дүниеге келді.
- 031957 жылы Қазақстан парламенті сенатының депутаты болған Мұрат Бақтиярұлы дүниеге келді.
