Бүгін, 16 шілдеде, әлемде және Қазақстанда бірнеше маңызды мерекелер мен тарихи оқиғалар орын алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Францияда Виши режимінің нәсілшілдік және антисемитизм құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл күн 2000 жылы Францияның ұлттық жиналысының шешімімен ресми түрде бекітілген. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Виши нәсілшілдік режимінің полициясы 1942 жылы 16 шілдеде Францияның тегі еврей 13 мыңға жуық азаматын Париж велодромына айдап шығып, гитлершілерге тапсырған.

Сонымен қатар, 16 шілде – Халықаралық жылан күні. Жыландардың пайдасы да бар: олардың уы медицинада қолданылады, ал жылан-роботтар құтқару шараларына және ғарышқа ұшырылады. Бүгін сондай-ақ гурмандар дәмді тамақ күнін және Асфальтта сурет салу күнін тойлайды. Мамандардың айтуынша, асфальтта сурет салу арқылы адамдардың өмірін өзгертуге болады, себебі мұндай шығармаларды көп адамдар көреді.

16 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011439 жылы Ұлыбританияда оба эпидемиясына байланысты сүйісуге тыйым салынды.
  • 021661 жылы Стокгольм банкі алғашқы еуропалық банкноталарды шығарды.
  • 031909 жылы Audi компаниясының негізі қаланды.
  • 041923 жылы Муссолини Италияда құмар ойындарға тыйым салды.
  • 051945 жылы АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы полигонда атом бомбасы алғаш рет сәтті сынақтан өтті.
  • 061969 жылы адамзат тарихындағы Айға тұңғыш сапар басталды – АҚШ-тың «Аполлон 11» ғарыш кемесі ұшырылды.

16 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011999 жылы Боливияның астанасы Ла-Пас қаласында ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майор Астана қаласына «Қалалар бейбітшілік үшін» халықаралық конкурсы жеңімпазының медалі мен сертификатын табыс етті. Осы күннен бастап Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.
  • 022001 жылы Еуразия ұлттық университетінде «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы құрылды.
  • 032011 жылы астана уақыты бойынша 05:16-да «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық «KazSat-2» байланыс және хабар тарату серігі сәтті ұшырылды.
  • 042014 жылы көрнекті жазушы, қазақ тіліндегі тұңғыш романның авторы Жүсіпбек Аймауытовтың (1889-1930) жерленген жері белгілі болды. Павлодар облысы әкімдігінің сауалына Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Орталық мұрағатынан жауап келді, онда Ж.Аймауытовтың Ваганьков зиратында (Мәскеу) жерленгені айтылған.
  • 052014 жылы Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы «Отан қорғаушы» әскери-патриоттық лагері ашылды.

16 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011928 жылы танымал американдық жазушы-фантаст Роберт Шекли дүниеге келді.
  • 021932 жылы белгілі фигурист, олимпиаданың екі дүркін чемпионы Олег Протопопов дүниеге келді. Ол Людмила Белоусовамен бірге өнер көрсетті.
  • 031963 жылы ресейлік әнші Григорий Лепс дүниеге келді.
  • 041968 жылы әнші, ақын, композитор Леонид Агутин дүниеге келді.

16 шілдеде Қазақстанда кім туды

  • 011908 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Александр Бараев дүниеге келді.
  • 021947 жылы танымал қазақстандық хирург, медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, хирургтардың халықаралық қоғамының мүшесі Қырым Ахметов дүниеге келді.