16 қыркүйекте әлемде бірнеше маңызды мереке мен атаулы күн атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Джульеттаның туған күні
Бүгін Италияның Верона қаласында әлемдегі ең мұңды шығарманың кейіпкері Джульеттаның туған күні аталып өтеді. Шекспирдің «Ромео және Джульетта» трагедиясындағы сұлудың жасы он төртке де толмаған болатын. Алайда Веронаға әлі күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінен ғашықтардан Джульеттаға жазылған хаттар келіп тұрады.
Мексиканың Тәуелсіздік күні
Мексиканың Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 қыркүйекте ресми мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі. Алайда, ең басты және салтанатты шаралар 15 қыркүйек кешінен басталады.
Халықаралық озон қабатын қорғау күні
Сондай-ақ 16 қыркүйек – жер бетін күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын табиғи қалқанды сақтауға арналған Халықаралық озон қабатын қорғау күні. Бұл атаулы күнді 1994 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады.
Халықаралық интервенциялық кардиология күні
Бүгін Халықаралық интервенциялық кардиология күні. Бұл күн 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан белгіленді. Бұл күн тарихи оқиғаны атап өту үшін таңдалды. 1977 жылдың 16 қыркүйегінде доктор Андреас Грюнтциг алғашқы сәтті коронарлық ангиопластиканы жасады.
16 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011492 жылы Саргассово теңізі ашылды;
- 021908 жылы АҚШ-та General Motors компаниясының негізі қаланды;
- 031916 жылы Онтариода (Канада) құрғақ заң енгізілді;
- 041993 жылы Абхазиядағы соғыс кезінде Сухуми үшін күрес басталды;
- 051996 жылы АҚШ-та Пентагонның компьютерлік желісін бұзған хакер Кевин Митник қамауға алынды.
16 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011944 жылы қазақ сазгері Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы құрылды;
- 021992 жылы Қазақстан мен Беларусь арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады;
- 031992 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің Парламентаралық ассамблеясы құрылды;
- 042005 жылы Түркияның Измир қаласында Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті;
- 052006 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында Наурызбай батырға ескерткіш ашылды.
16 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар
- 011936 жылы кеңестік театр және кино әртісі, кинорежиссер, Ресейдің халық әртісі Михаил Кокшенов өмірге келді (фильмдері: «Не может быть», «Спортлото 82», «Самая обаятельная и привлекательная»);
- 021945 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әртісі, жазушы-сықақшы, тележүргізуші Евгений Петросян туды;
- 031952 жылы америкалық киноәртіс, бұрынғы кәсіпқой боксшы Микки Рурк дүниеге келді (фильмдері: «Дикая орхидея», «Год дракона», «Девять с половиной недель»);
- 041956 жылы америкалық сиқыршы, гипнозшы Дэвид Копперфильд өмірге келді.
16 қыркүйекте Қазақстанда кімдер туды?
- 011926 жылы домбырашы, күйші Елемес Таласбайұлы дүниеге келді;
- 021928 жылы суретші Әли Жүсіпов өмірге келді;
- 031949 жылы Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Қабиболла Жақыпов туды;
- 041973 жылы қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров дүниеге келді.
