16 қазан күні әлемде бірнеше халықаралық мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық нан күні

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ассоциациясының бастамасымен 16 қазан халықаралық нан күні болып белгіленді. Өткен ғасырдың 50-жылдары халықаралық наубайшылар ассоциациясы өкілдері ойлап тапқан идея 1979 жылы БҰҰ отырысында мақұлданды. Осылайша нан пісірушілердің өздерінің кәсіби мерекелері пайда болды.

Орташа есеппен адам өмірінде 7 тонна нан мен 35 мың тоқаш жейді. Сол себепті "Ас атасы — нан" деген сөз бекер айтылмаса керек. Көптеген мемлекетте бұл күні адамдар киімдерін түрлі-түсті гүлдермен безендіріп, нан туралы жаңылтпаш айтып жарысады.

Халықаралық дұрыс тамақтану күні

Бұдан өзге 16 қазан күні әлем жұрты халықаралық дұрыс тамақтану күнін атап өтеді. Гиппократ бір кездері "Сіздің асыңыз дәріге, ал дәрі асыңызға айналсын!" деп айтқан-ды.

16 қазанда болған тарихи оқиғалар

  • 011793 жылы Франция королевасы Мария Антуанетта өлім жазасына кесілді;
  • 021923 жылы "The Walt Disney Company" кинокомпаниясы құрылды;
  • 031923 жылы өздігінен жүретін сағаттар патенттелді;
  • 041946 жылы Нюрнберг сотының үкімімен нацистік Германияның 10 жоғары лауазымды өкілі дарға асылды;
  • 051962 жылы "Юность" радио станциясы өз жұмысын бастады;
  • 061962 жылы АҚШ президенті Джон Кеннеди Кубада кеңестік зымырандардың орналасқаны туралы хабардар болып, Кариб дағдарысы басталды;
  • 071964 жылы Қытай алғашқы атом бомбасын сынақтан өткізді;
  • 081983 жылы Владивостокта "Мумий Тролль" рок группасы құрылды.

16 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011934 жылы Федор Достоевский атындағы Семей орыс драма театры құрылды;
  • 021961 жылы Өскемен аспаптар зауыты өзінің алғашқы өнімдерін шығара бастады;
  • 031991 жылы Қазақ КСР-інің президентін сайлау туралы заң қабылданды;
  • 041992 жылы Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы ғылым академиясының шығыс бөлімшесі ашылды;
  • 051994 жылы 16-17 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барды;
  • 062000 жылы Семейдегі Ертіс өзенінің үстіне салынған көпірдің ашылу салтанатына президент Назарбаев қатысты;
  • 072001 жылы Тараз қаласында "Жабағылы-Манас" тау клубы" республикалық қоғамдық бірлестігі тіркелді;
  • 082007 жылы Шымкентте "Абай" деп аталатын ұлттық әдеби, мәдени, қоғамдық басылымның алғашқы нөмірі жарық көрді.

16 қазанда әлемде дүниеге келген тарихи тұлғалар

  • 011854 жылы ирландиялық философ, эстет, жазушы ақын Оскар Уайльд туды;
  • 021927 жылы неміс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Гюнтер Грасс дүниеге келді;
  • 031962 жылы кеңестік және ресейлік опера әншісі Дмитрий Хворостовский дүниеге келді;
  • 041968 жылы кеңестік және ресейлік рок музыкашы Илья Лагутенко туды;
  • 051970 жылы ресейлік футболшы және жаттықтырушы Андрей Тихонов өмірге келді;
  • 061977 жылы америкалық әнші, гитарист әрі композитор Джон Майер дүниеге келді.

16 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

  • 011903 жылы Қазақстанның халық ақыны Нұрхан Ахметбеков дүниеге келді;
  • 021930 жылы журналист, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ұзақ Бағаев туды;
  • 031944 жылы жазушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Боранқұл Амантай туды;
  • 041945 жылы режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпенов дүниеге келді;
  • 051954 жылы ақын, драматург Баянғали Әлімжанов жарық дүние есігін ашты.