Бүгін көптеген елде Бүкіләлемдік мотоциклші күні аталып өтеді, оның ұраны – "Жұмысқа мотоциклмен бар!". Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мейрам алғаш рет 1992 жылы аталып өтті. Бірнеше елде адамдар осы күні көліктерін гаражда қалдырып, жұмысқа мотоцикл мен скутермен барған. Әуелде бұл мейрам "Мотоциклмен жұмысқа" деп аталған, тек кейін ол мотоциклші күні деп өзгертіледі. 1990-шы жылдардың ортасында санақ қорытындысы бойынша акцияға бес мың адам қатысқаны анықталды, 1997 жылы бұл мерекенің құрметіне ресми сайт ашылды. 2000 жылға дейін мұндай акциялар бейресми түрде өткізіліп келді, кейін АҚШ пен Еуропадағы мотоциклшілерге техникалық және заңгерлік көмек көрсететін коммерциялық емес ұйым пайда болды.

Ресейде бүгін Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесінің туған күні аталып өтеді. Бұл жерге қазір Мәскеу тұрғындары мен қонақтары жиі қыдырып келеді. 1917 жылға дейін бұл жерде көшпелі цирк орналасқан екен, тек 1939 жылы ғана колхозшылардың өтінішімен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесі жұмыс істей бастайды. Ол салтанатты түрде ашылып, сол кездің бүкіл талабына жауап берген. Бұл жердегі әр түрлі павильондар 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін жұмыс істеген.

Сондай-ақ бүгін әлемде Африка балаларын қорғау күні немесе Халықаралық африкалық бала күні аталып өтеді. Бұл мереке африкалық бірлік ұйымының бастамасымен бекітілді. Алғаш рет мейрам 1991 жылы аталып өтті, оның басты мақсаты – әлемдік қауымдастықтың назарын африкалық балалардың жағдайына аудару.

16 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011903 жылы америкалық "Ford" көлік жасау компаниясының негізі қаланды;
  • 021903 жылы АҚШ-та "Пепси-кола" сауда маркасы тіркелді;
  • 031963 жылы тұңғыш әйел ғарышкер Валентина ғарышқа ұшты;
  • 041972 жылы Нью-Йоркте джаз музейі ашылды.

16 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011993 жылы Қазақстан президенті Ұйымының делегациясын қабылдады. Келіссөздер барысында Алматыда БҰҰ-ның өкілдігін ашу туралы уағдаластық жасалды;
  • 021993 жылы ҚР президенті жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылды;
  • 032000 жылы Астанаға "Қалалар - бейбітшілік үшін" ЮНЕСКО сыйлығының сертификаты табыс етілді;
  • 042011 жылы Қазақстан Microsoft компаниясы өз өнімі - Internet Explorer 9 браузерінің қазақша нұсқасы шыққанын ресми жариялады.

16 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011955 жылы рок-журналист, музыка сыншысы, КСРО-да рок музыканы, ал Ресейде электронды музыканы алғаш үгіттеушілердің бірі Артемий Троицкий дүниеге келді;
  • 021967 жылы неміс футболшысы, Германияның суперкубогының иегері, қазіргі уақытта "Liverpool" ағылшын клубының бас жаттықтырушысы Юрген Клопп дүниеге келді;
  • 031971 жылы хип-хоп орындаушысы және актер Тупак Шакур (2Pac) дүниеге келді, оның шығармашылығы бүкіл әлемде хип-хоп және рэп мәдениетінің дамуына ықпал етті.

16 маусымда Қазақстанда кім туды

  • 011936 жылы Қазақстандағы геологиялық барлау саласының негізін қалаушы ғалым Орал Ақшолақов дүниеге келді;
  • 021936 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Мәдениет Ешекеев дүниеге келді;
  • 031962 жылы Оңтүстік Африка Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі болған Талғат Қалиев дүниеге келді.