Бүгін, 15 тамызда, әлемде бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі мерекелер

15 тамыз – телефон арқылы бәріміз айтатын "Алло" сөзінің туған күні. 1876 жылы ғалым, өнертапқыш Александр Белл АҚШ-та көрмеге өз құрылғысын ұсынды, көп ұзамай оған "телефон" деген атау берілді. Бүгінгі күнге дейін осы атауды пайдаланып келе жатырмыз. Эдисон телеграф компаниясының президентіне телефон арқылы екі адам сөйлескен кезде "Hello" сөзін пайдалануды ұсынды. Кейін ағылшын сөзі "Аллоға" өзгертілді.

Сондай-ақ, бүгін әйгілі Виктор Цойды еске алу күні, ол 1990 жылы 15 тамызда жол апатында қаза тапқан еді. "Кино" тобының негізін қалаушы, кеңестік рок және кинематограф тарихына енген. Виктор Цой түскен "Асса", "Игла" фильмдері 90-шы жылдардың айқын көрінісі. Ал әндері әлі күнге дейін, әсіресе, жастар арасында танымал.

Бүгін әлемде Археолог күнін атап өтіледі. Мейрамды тек осы мамандыққа қатысы бар адамдар ғана емес, сонымен бірге тарихты зерттеп, қазба жұмыстарына қызығушылық танытатындар да тойлайды.

15 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011723 жылы ресейлік императорлардың жазғы резиденциясы Петергоф ашылды;
  • 021795 жылы Францияда жаңа валюта – франк қолданысқа енгізілді;
  • 031924 жылы "Радиолюбитель" журналының алғашқы нөмірі шықты;
  • 041971 жылы америкалық долларды алтынмен қамтамасыз ету тоқтатылды.

15 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011944 жылы Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық инстиуты құрылды;
  • 021961 жылы жаңа екі қала – Абай мен Шахтинск пайда болды;
  • 031992 жылы Алматыда жазушы, әдеби сыншы және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды;
  • 041996 жылы Байқоңыр қаласында қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор Абайға арналған ескерткіш ашылды.

15 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011821 жылы мемлекеттік қайраткер, француз қолбасшысы, қазіргі заманғы француз мемлекетінің негізін қалаушы Наполеон Бонапарт өмірге келді;
  • 021832 жылы әлемге әйгілі британ жазушысы, тарихи роман жанрының негізін қалаушы Вальтер Скотт туды;
  • 031922 жылы кеңес одағының актері, биші, хореограф Борис Сичкин дүниеге келді;
  • 041945 жылы РКФСР халық әртісі, ресейлік театр және кино әртісі Екатерина Васильева туды;
  • 051983 жылы белгілі ресейлік рэп-орындаушы Тимур Юнусов (Тимати) өмірге келді;
  • 061990 жылы ресейлік әнші Нюша дүниеге келді.

15 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011903 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Жарқын Айталиев дүниеге келді;
  • 021928 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ғафу Қайырбеков өмірге келді;
  • 031928 жылы балет әртісі, Қазақстанның халық әртісі Инесса Манская туды;
  • 041930 жылы Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы, танымал композитор Шәмші Қалдаяқов дүниеге келді;
  • 051947 жылы кеңес және қазақстандық опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Сұлтан Байсұлтанов өмірге келді;
  • 061963 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан әлем чемпионы, КСРО чемпионы Асқар Шайхиев дүниеге келді.