15 қыркүйекте әлемде бірнеше мереке мен маңызды дата атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Италияда Ірімшік күні
Италияның ең әдемі жері – Брада (Пьемонт) Ірімшік күнін тойлайды. Бұл күн сүт тағамдарын, әсіресе ірімшікті жақсы көретіндер үшін нағыз жұмақ болып саналады. Мерекенің басты кейіпкерлері әлемге әйгілі ірі өндірушілер емес, ұсақ фермерлік қожалықтар.
Фестивальге келген әр адам швейцариялық грюер, итальян моцарелласын, чеддер және тағы басқа ірімшік түрлерін татып көре алады, сонымен бірге йогурт, балмұздақ сияқты жеңсік ас жетіп артылады. Бұл мерекеге ірімшік өндірушілер Еуропаның түпкір-түпкірінен жиналады екен. Қаланың орталығына шатырлар тігіліп, шеберлік сағаттары, дегустация шаралары өтеді. Бұл күні өте көп мөлшерде ірімшік желінеді, ал ішілген итальян шарабының мөлшері одан да асып түседі.
Арықтап жүрген адамдардың күні
15 қыркүйек әлемде Арықтап жүрген адамдардың күні болып бекітілген. Бұл артық салмақ мәселесіне назар аударып, адам ағзасына зиянын тигізетін диеталардың салдары туралы айтатын күн. Көптеген телеарналарда семіздіктің зияны және одан арылу жолдары туралы арнайы бағдарламалар күні.
Тәуелсіздік күні және басқа мерекелер
Бүгін қатарынан бес ел Тәуелсіздік күнін атап өтеді – Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Никарагуа және Сальвадор. Бұдан бөлек, Әзербайжанда Білім күні, Үндістанда Инженерлер күні тойланады екен.
15 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011917 – «Форбс» журналының бірінші нөмірі жарық көрді;
- 021956 – ТУ-104 ұшақтарымен тұрақты жолаушылар рейсі атқарыла бастады;
- 031959 – «Ленин» атомдық мұзжарғышы алғаш сапарға аттанды;
- 041971 – Green peace ұйымы құрылды.
15 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1989 – КСРО сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде алғаш рет тіркелген, Қазақстан аумағында шығарылған өнімдерді кең көлемде экспорттау және кел келген елден шектеусіз тауар импорттау бойынша бүкілодақтық сыртқы сауда бірлестіктерінің бүкіл құқықтарына ие болған «Қазақстан Коммерция» өңірлік сыртқы экономикалық қауымдастығы құрылды.
1995 – Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы бойынша Ақмола еліміздің астанасы болды.
15 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011881 жылы итальян-француз ұлтынан шыққан автомобиль құрастырушы Этторе Бугатти дүниеге келді;
- 021890 жылы ағылшын жазушысы Агата Кристи өмірге келді;
- 031907 жылы америкалық актриса Фэй Рэй өмірге келді («Кинг-Конг» фильміне түскен);
- 041925 жылы кеңестік театр және кино актері Кирилл Лавров (фильмдері — «Живые и мертвые», «Укрощение огня», «Мой ласковый и нежный зверь»).
15 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді
1934 жылы Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресінің тематикалық блок басшысы, ҚР Ұлттық инженерия академиясының академигі Альберт Болотов туған.
1947 жылы Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры, шығыстанушы, әдебиеттанушы, жазушы және сыншы Әбсаттар қажы Дербісәлі туған.
