15 маусымда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүкіләлемдік жел күні (Global Wind Day) 2007 жылы Еуропа жел энергиясы қауымдастығының ұсынысымен бекітілген. Содан бері жыл сайын 15 маусымда атап өтіледі. Бұл мейрам бүкіләлемдік мәртебені тек 2009 жылы алды. Мақсаты – экология туралы ойланып, жел сияқты табиғаттың өзі берген ресурстарды пайдалануға қоғамның назарын аудару.
Сондай-ақ бүгін – әлемдік қауымдастық қарт адамдарға жасалған қиянат туралы ақпаратты тарату күні. Бұл мереке БҰҰ-ның 2011 жылдың 19 желтоқсанындағы Резолюциясына сәйкес бекітілген.
15 маусым – Халықаралық серуен күні. Бұл мейрамды әлем халқы адамдарды біріктіретін ерекше күн ретінде атап өтеді.
15 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011844 жылы Чарльз Гудьир резеңкені қыздырып өңдеу әдісін патенттеді.
- 021851 жылы Джекоб Фуссель Балтиморда әлемдегі алғашқы балмұздақ өндіретін фабриканың негізін қалады.
- 031896 жылы Жапонияда алапат су асты жер сілкінісі болды, жойқын цунами салдарынан 22 мыңнан астам адам қаза тайып, 10 мыңға жуық ғимарат қираған.
- 041954 жылы УЕФА (Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы) құрылды.
15 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011993 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Үндістанда Қазақстан елшілігі ашылды.
- 021996 жылы Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты.
- 032000 жылы жазушы Сәбит Мұқановтың туған жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит ауылында жаңа мектеп ашылды.
- 042011 жылы елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Х мерейтойлық саммиті өтті.
- 052015 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "Назарбаев Университетін" бітірген алғашқы студенттерге диплом табыстау рәсіміне қатысты.
15 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011867 жылы ақын, аудармашы, орыс поэзиясының "күміс" ғасырының көрнекті өкілі Константин Бальмонт дүниеге келді.
- 021943 жылы француз рок-әншісі, композитор және актер Джонни Холлидей дүниеге келді.
- 031959 жылы ресейлік театр және кино актері, тележүргізуші Андрей Леонов дүниеге келді.
- 041964 жылы америкалық актриса Кортни Кокс дүниеге келді.
15 маусымда Қазақстанда кім туды
- 011933 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхтар Бақтыгереев дүниеге келді.
- 021938 жылы балуан, еркін күрестен спорт шебері Әбілсейіт Айқанов дүниеге келді.
- 031954 жылы Қазақстанның мемлекет қайраткері, бұрынғы премьер-министр, Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған Даниал Ахметов дүниеге келді.
- 041965 жылы екі мәрте Қазақстанның премьер-министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, алайда қаңтар оқиғасынан кейін қылмыстық іс қозғалып, сотты болған экс-шенеунік Кәрім Мәсімов дүниеге келді.
