Бүгін, 14 тамызда, әлемнің түкпір-түкпірінде бірнеше маңызды мерекелер атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Португалияда коррида күні
Жыл сайын 14 тамызда Абиул қаласында португалиялық корриданың туған күні тойланады. Бұл күннің ең басты оқиғасы – байырғы салт-дәстүрге сай өткізілетін коррида (bullfighting). Бұл жай ғана жарыс емес, спорт пен өнер үйлесімділігі. Бұқаға фарпа деп аталатын екі сантиметр болатын өткір зат тығылады. Қатты ауырмайды, адамға ине еккенмен бірдей. Өткен ғасырларда шабандоздар аристократ болған, ал фуркадештер, яғни жаяу жүретіндер қарапайым адамдар еді. Өзге корридалармен салыстырғанда, португалиялық корридада қан әлдеқайда аз.
Пәкістан Тәуелсіздік күнін тойлайды
Пәкістан бүгін Тәуелсіздік күнін тойлайды. Мереке күні елдің барлық қаласында туды көтеру рәсімі өтеді. Ұлт қаһармандарының рухына тағзым етіп, Исламабадта отшашу болады. Президент пен премьер-министр парламент ғимаратында туды көтеріп, құттықтау сөзін сөйлейді. Олар мемлекет жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айтады. Мұның бәрі тікелей эфирде көрсетіледі.
Абхазияда Отан қорғаушылар күні
Абхазияда Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Зимбабведе жыл сайын Қорғаныс күштері күні аталып өтеді. Көбінесе бұл күні ел астанасы – Харареде шеру өткізіледі.
14 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011619 жылы – АҚШ-тың Вирджиния штатында маскүнемдікке қарсы алғашқы заң қабылданып, жүзім өсіруге тыйым салынды;
- 021880 жылы – Кельн соборының құрылысы аяқталды;
- 031936 жылы – Олимпиада ойындарында алғаш рет баскетбол жарысы болды;
- 041973 жылы – Пәкістанда Конституция қабылданды;
- 051992 жылы – Грузия мен Абхазия арасында соғыс басталды.
14 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011844 жылы – Кенесары ханның қолы Екатеринскіге шабуыл жасап, осы қамалды алды;
- 022004 жылы – Жас қазақстандық режиссер Гүлдаш Омарованың "Шиза" фильмі Ресейде көрсетіле бастады;
- 032005 жылы – Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің жаңа ғимаратын ашты.
14 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011938 жылы поляк актрисасы, фотосуретші, жазушы және сценарист Беата Тышкевич дүниеге келді;
- 021945 жылы комик, америкалық актер Стив Мартин дүниеге келді;
- 031953 жылы театр қайраткері және ресейлік актер Рамис Ибрагимов дүниеге келді;
- 041966 жылы америкалық актриса, "Оскар" сыйлығының лауреаты Хелли Берри дүниеге келді;
- 051979 жылы бокстан әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Денис Лебедев өмірге келді.
14 тамызда Қазақстанда кім туды
- 011905 жылы медицина ғылымдарының докторы, профессор Борис Еланцев дүниеге келді;
- 021913 жылы биолог ғалым, Қазақстан республикасының академигі Аймақ Жанғалиев дүниеге келді;
- 031948 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Александр Самойленко дүниеге келді;
- 041962 жылы Қазақстан Республикасының ІІМ министрі қызметін атқарған Ерлан Тұрғымбаев дүниеге келді.
