14 қыркүйекте әлемде бірқатар мереке мен тарихи оқиға аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Германияда Картоп үзбесінің күні
Германияда бүгін Картоп үзбесінің күні тойланады. Бір қарағанда, үзбе тағамында тұрған не бар деп ойлайсың. Ал ол немістердің жеңсік асы – картоп үзбесінің құрметіне ұлан асыр той жасайды. Тағамды әзірлеу әдісі де алуан түрлі: ащы, тұздалған, тәтті, ақ нанмен, ірімшікпен, асжапырақпен, құлпынаймен, шоколадпен, қара өрікпен, шабдалымен және сары өрікпен. Үзбе мерекесінде дәстүрлі музыка ойналып, қыркүйек айында осы бір саз құлақтан кетпейді. Мейрамханаларда қонақтарға үзбе асының 23-тен астам түрі және басқа да неміс тағамдары ұсынылады.
Үндістанда Хинди мерекесі
Үндістанда бүгін Хинди мерекесі аталып өтеді. Бұл күн 1949 жылы Құрылтай кезінде хинди тілінің Үндістанның ресми тілі ретінде қабылдануы құрметіне таңдалған. Хинди тілі қазір ағылшын тілімен қатар қолданылады.
14 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011867 жылы Карл Маркстың "Капитал" кітабының алғашқы томы жарық көрді;
- 021886 жылы АҚШ-та жазу машинасына арналған таспа патенттелді;
- 031939 жылы АҚШ-та И. Сикорскийдің алғашқы тікұшағы – VS-300 әуеге көтерілді;
- 041999 жылы "Америка аруы" байқауының ұйымдастырушылары ажырасқан әйелдерге қатысуға рұқсат берді.
14 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011920 жылы Қазақстанның бірінші халықтық әділет комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды, ол 1921 жылдың 17 қазанына дейін қызмет атқарды;
- 021934 жылы Егін жинауды ұйымдастыру үшін Қазақстанға ОК партиясының хатшысы Сергей Киров келді. Ол Шығыс Қазақстанға үш күн арнап, көптеген ауылды аралады. Хатшы өмірден озғаннан кейін Үлкен көшенің атауы Киров атындағы көше болып өзгертілді;
- 031992 жылы Алматы облысындағы Қазақ жер өңдеу институтының қазақ орта мектебіне Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді.
14 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011932 жылы кеңестік тележүргізуші, КСРО-ның Мемлекеттік телерадиосы Орталық телевидениесінің дикторы Игорь Кириллов дүниеге келді;
- 021965 жылы Ресейдің мемлекеттік және саяси қайраткері, РФ үшінші президенті болған Дмитрий Медведев дүниеге келді;
- 031969 жылы ресейлік театр және кино актері Константин Юшкевич дүниеге келді;
- 041983 жылы ағылшын әншісі, әндер авторы Эми Уайнхаус дүниеге келді.
14 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді
- 011894 жылы көрнекті қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы Ахмет Баржақсин дүниеге келді;
- 021935 жылы ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ораз Баймұратов дүниеге келді;
- 031940 жылы Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғабдығапар Сейітқасымов дүниеге келді;
- 041946 жылы Қазақстандағы бейнелеу өнері бойынша жоғары білім ұйымдастырушылардың бірі, "Қазақстан Республикасы суретшілер одағының" АҚ басқарма мүшесі Байтұрсын Омарбеков дүниеге келді;
- 051948 жылы баскетболшы, КСРО спорт шебері Ольга Апатаева дүниеге келді.
