Қазақстан аумағында 14 маусымда құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Республика бойынша желдің күшеюі, дауыл, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Найзағай мен жаңбыр, бұршақ жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының батысында және Жетісу облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Абай облысында, Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ақмола, Павлодар облыстарының шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының батысында, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.