Бүгін, 14 маусымда, әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік қан доноры күні

Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл мерекені атап өту бастамасын бір мезетте бірнеше ұйым көтерген болатын. Атап айтқанда, Халықаралық қан құю қоғамы, Қызыл крест халықаралық федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Бүкіләлемдік мерекенің датасы ретінде 14 маусымның таңдалуы кездейсоқтық емес, дәл осы күні әйгілі ғалым, австриялық дәрігер-иммунолог, адам қанының тобын алғаш ашқан Карл Ландштейнер дүниеге келген еді. 1930 жылы медицинадағы жетістігі үшін Нобель сыйлығын иеленді.

Америка байрағы күні

Сондай-ақ, бүгін АҚШ тұрғындары Америка байрағы күнін атап өтеді. Жеті қызыл және алты ақ жолақты тудың бір жақ шетінде 50 бесбұрышты жұлдыз бар. Байрақтағы 13 жолақ тәуелсіз мемлекетті құрған 13 британиялық колонияны (Делавэр, Пенсильвания, Нью-Джерси, Джорджия, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Оңтүстік Каролина, Нью-Гэмпшир, Виргиния, Нью-Йорк, Солтүстік Каролина, Род-Айленд) білдіреді. Ал жұлдыздар саны штат санына сәйкес келеді. Қызыл түс төзімділік пен батырлықты, қара көк түс – зейінділік, әділеттілік және сақтықты, ал ақ түс пәктік пен тазалықты білдіреді.

Халықаралық блогер күні

Бүгін, сонымен қатар, интернет қоғамдастығы Халықаралық блогер күнін атап өтеді. Бұл күнді атап өту идеясы 2004 жылы пайда болған. Әлемнің 40-тан астам елінен 500 адам бір мезгілде бірігіп, төл мерекені бекіту керек деген шешімге келеді. Блогер – интернет күнделігін жүргізіп, өміріндегі оқиғалармен, суреттермен үнемі бөлісіп, қоғамдағы мәселелерге қатысты ой-пікірін білдіріп тұратын адам. Бұл мереке әлемнің түпкір-түкпірінде әртүрлі тілде блог жүргізетін жандарды жақындастыра түседі.

14 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011834 жылы Исаак Фишер егеуқұм қағазын патенттеді;
  • 021847 жылы неміс химигі Роберт Бунзен өзінің атымен аталған оттықты ойлап тапты;
  • 031900 жылы Гавай аралдары АҚШ аумағы болып жарияланды;
  • 041942 жылы АҚШ-та Уолт Диснейдің "Бэмби" мультфильмі экранға жол тартты.

14 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011995 жылы Алматыдағы Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қор ашылды;
  • 022000 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің іргетасы қаланды;
  • 032013 жылы Абайдың "Қара сөздер" кітабы алғаш рет поляк тіліне аударылды;
  • 042013 жылы Ташкент орталығында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 9,20 м, қоладан жасалған.

14 маусымда әлемде туған танымал тұлғалар

  • 011928 жылы латынамерикалық революционер, 1959 жылғы Куба революциясының командантесі және кубалық мемлекеттік қайраткер Эрнесто Че Гевара өмірге келді;
  • 021946 жылы АҚШ-тың 45-ші және 47-ші президенті, миллиардер Дональд Трамп дүниеге келді;
  • 031969 жылы кеңестік, ресейлік және израильдік театр және кино әртісі Федор Дунаевский дүниеге келді. "Курьер" фильмі (1986) арқасында кеңінен танылды.

14 маусымда Қазақстанда кім дүниеге келді

  • 011911 жылы жазушы, аудармашы Леонид Макеев өмірге келді;
  • 021976 жылы белгілі театр актері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты Нұркен Өтеуілов дүниеге келді;
  • 031982 жылы бұрынғы білім министрі, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов туды.