Бүгін, 13 тамызда, әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық солақайлар күні

Бүгін – Халықаралық солақайлар күні. Бұл бастама 1984 жылы солақайлардың халықаралық конфедерациясында көтерілді. Себебі бүгінде техникалық құрал-жабдықтардың басым бөлігі оңқайлар үшін шығарылады. Ал әлем бойынша адамдардың 10 процентке жуығы - солақай. Олардың ішінде Юлий Цезарь, Жанна д׳Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Рафаэль, ағылшын патшайымы Елизавета, Бетховен, Мэрилин Монро, Грета Гарбо және тағы басқалар бар.

Тунисте әйелдер күні

Тунисте әйелдер күні аталып өтеді. 1956 жылы 13 тамызда осы мемлекетте әйелдер құқық субъектісі ретінде танылған. Мейрам алдында әйелдерге сан-алуан жеңілдіктер жасалады. Мәселен, ел үкіметі кешкі сағат 20:00-ден кейін көлікті жүргізетін әйелдерге айыппұл салуға тыйым салды.

Орталық Африка Республикасында - Тәуелсіздік күні

Орталық Африка Республикасында - Тәуелсіздік күні. Бұл күні 1960 жылы Орталық Африка Республикасының Франциядан тәуелсіздігін алғаны жарияланды.

13 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011907 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы такси жолға шықты;
  • 021912 жылы француз дәрігері Г. Один қатерлі ісік вирусын бөліп шығарғанын жариялады;
  • 031913 жылы Ұлыбританияның Шеффилд қаласында алғаш рет тот баспайтын болат құйылды;
  • 041966 жылы Тунисте қысқа белдемше киюге тыйым салынды;
  • 052004 жылы Афина қаласында (Грекия) XXVIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі өтті.

13 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011919 жылы Түркістан майданы негізінде Түркістан әскери округы құрылды;
  • 021920 жылы бірінші қазақ ақпарат агенттігі, қазіргі "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" ЖШС құрылды;
  • 031942 жылы Алматыдан қазақ жауынгерлерінен тұрған 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды;
  • 042003 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудан орталығынан 130 шақырым жердегі Бекетай құмдарында Исатай-Махамбет көтерілісшілерінің патша әскерімен шайқасқанына арналған ескерткіш орнатылды;
  • 052007 жылы Батыс Қазақстан облысында археологиялық және өлкетанушылық жұмыстары нәтижесінде ұлы ақын әрі батыр Махамбет отырған зынданның есігі табылды;
  • 062010 жылы Алматыда Қазақстандағы тұңғыш мүгедектер арбасымен жүретін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасылары үшін мамандандырылған тұрғын үй пайдалануға берілді;
  • 072012 жылы қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Олимпиаданың ең шебер боксшысына берілетін Вэл Баркер Кубогын жеңіп алды;
  • 082017 жылы пауэрлифтерші Гузаль Ергешева Канадада өткен аласа бойлы адамдарға арналған әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

13 тамызда туған танымал тұлғалар

  • 011899 жылы ағылшын және американ кинорежиссері Альфред Хичкок дүниеге келді;
  • 021926 жылы Кубаның революциялық, мемлекеттік, саяси және партия қайраткері, команданте Фидель Кастро Рус дүниеге келді;
  • 031975 жылы америкалық театр және кино актері, "Оскар" жүлдесінің иегері Кейси Аффлек дүниеге келді;
  • 041980 жылы ресейлік әнші Стас Пьеха дүниеге келді.

13 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011910 жылы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәби Дауылбаев дүниеге келді;
  • 021935 жылы жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тельман Жанұзақов дүниеге келді;
  • 031941 жылы белгілі филолог-ғалым, "Мемлекеттік тілге құрмет" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман дүниеге келді;
  • 041951 жылы Қазақстанның халық суретшісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Решат Қожахметов дүниеге келді;
  • 051993 жылы ауыр атлет Нижат Рахимов дүниеге келді.