Бүгін, 13 шілдеде, Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні атап өтіледі. 1992 жылы 13 шілдеде Қазақстан президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚК құрамына департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-ның облыстар бойынша, республикалық маңызды бар қала мен аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар, әрі әскери контрбарлау, ҰҚК-ның "Барлау" қызметі, ҰҚК-ның шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелері, өзге де ұйымдармен қатар Алматыдағы ҰҚК академиясы және ҚР ҰҚК-ның әскери институты кіреді.
Сондай-ақ бұл күні Черногория мемлекеттілігі күні аталып өтеді. 1878 жылы Берлин конгресінде Черногория әлемнің 27-ші тәуелсіз мемлекеті ретінде танылды. Черногорияның Мемлекеттілігі күнін 2006 жылғы жалпыұлттық референдум құрметіне жыл сайын 21 мамырда атап өтілетін Черногорияның Тәуелсіздік күнімен шатастырмау керек.
Бүгін АҚШ-та - Ұлттық фри картобы күні. Бельгиялықтар фриді өздерінің ұлттық тағамы санайды. Олар "бұл тағамды француздар бізден ұрлап алды" деген пікірде.
13 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011837 жылы Ұлыбритания ханшайымы Виктория Букингем сарайына көшіп келді. Кейін бұл сарай Ұлыбритания корольдерінің негізгі резиденциясына айналды.
- 021897 жылы Гульельмо Маркони радиоға патент алды.
- 031908 жылы Лондонда IV Олимпиада ойындары ашылды. Оған алғаш рет әйелдер қатысты.
- 041923 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Маунт-Ли тауының бөктерінде Hollywood жазуы пайда болды.
- 051930 жылы спорт тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионаты Уругвайда өтті. Бұл жарыста Уругвай құрамасы жеңіске жетіп, футбол тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағына ие болды.
- 061938 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында алғаш рет телетеатр ашылды.
- 071973 жылы әлемге әйгілі Queen тобы алғашқы альбомын жарыққа шығарды.
- 081985 жылы Лондон және Филадельфия (АҚШ) қалаларында бір уақытта Африкада аштықтан зардап шеккен халықтарға көмек көрсету мақсатында Live Aid концерті ұйымдастырылды.
13 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011995 жылы Қазақстан президентінің Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы қаулысы шықты.
- 022015 жылы "Қазпошта" АҚ интернет-дүкендерден пошта тарифтерін онлайн режимде үздіксіз қабылдай алатын API модуль жасап шығарды.
- 032017 жылы Астанада ҚР қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінің залында "Алтын адамның" көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен жеке заттары, Балпық бидің дулығасы және өзге де құнды экспонаттар қойылды.
- 042020 жылы Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу мақсатында Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
13 шілдеде туған танымал тұлғалар
- 011923 жылы кеңес және ресейлік кино және театр әртісі, КСРО-ның халық әртісі (1988) Михаил Пуговкин дүниеге келді.
- 021942 жылы америкалық киноактер Харрисон Форд дүниеге келді.
- 031944 жылы әйгілі Рубик кубигін ойлап тапқан венгрлік өнертапқыш, сәулетші, мүсінші Эрнё Рубик дүниеге келді.
13 шілдеде Қазақстанда кім туды
- 011950 жылы жазушы Әлібек Көбентаев дүниеге келді.
- 021967 жылы ақын, публицист, журналист Нұрлан Қалқа дүниеге келді.
- 031971 жылы тележүргізуші, телепродюсер, Медиа стандарт институтының негізін қалаушы Ержан Сүлейменов дүниеге келді.
