Бүгін әлемде Халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен бекітілген. 2015 жылдан бастап жыл сайын атап өту жайлы шешім қабылданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Альбинизм – реңсіздік, яғни, организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Ол рецессивті генге байланысты тұқым қуалайды. "Альбинизм" дертіне шалдыққандарды альбиностар деп айтады. Албинизмнің басты белгісі – адамның терісімен бірге шашы да сүттей ақ, ал көздері үнемі қызарып тұратындықтан өте нашар көреді.
Сондай-ақ, бүгін – Кішігірім саяхат күні. Мерекені қалаған жеріңізде атап өтуге болады, тек бір сәтке айналаңызға көз жүгіртсеңіз болғаны. Барлығы сіздің көзқарасыңызға байланысты. Достарыңызбен бірге саябақта серуендеуге немесе табиғат аясына шығуға кеңес береміз.
Сонымен қатар, бүгін – Түйреуіштің туған күні. Әдетте, үлкендер балаларды тіл-көзден сақтау үшін киімнің жиегіне көрсетпей, түйреуіш тағып қояды. Бұл аксессуардың тарихына үңілсек, түйреуішті біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда ежелгі шумерлер пайдаланған. Біз қолданатын кәдімгі түйреуіш 1825 жылдың 13 маусымында пайда болыпты. Оны америкалық Уолтер Хант ойлап тапқан.
13 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011782 жылы Швейцарияда дуагерлік жасағаны үшін Анна Гельди дарға асылды.
- 021961 жылы Калугада Юрий Гагарин әлемдегі алғашқы космонавтика музейі ғимаратының іргетасын қалады.
- 032000 жылы Солтүстік және Оңтүстік Корея көшбасшылары алғашқы кездесуін өткізді.
- 042009 жылы Ирандағы президент сайлауында Ахмадинежад жеңіске жеткеннен кейін Тегеранда жаппай тәртіпсіздік басталды.
13 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011924 жылы Орынборда қазақ ғалымдарының бірінші съезі жұмысын бастады. 18 маусымға дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинақтау және зерттеу туралы шешім қабылданды.
- 021994 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігі екіге бөлініп, Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі мен Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі құрылды.
- 031996 жылы энергетик, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ ССР ҒА-ның академигі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шафық Шөкинге "Халық қаһарманы" атағы берілді.
- 041998 жылы Германияда Қазақстан мәдениеті күндері өтті.
- 052009 жылы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан қаржы министрлігі арасында "Батыс-Оңтүстік" автокөлік жолдарын дамыту жобасын іске асыру келісіміне қол қойылды.
- 062017 жылы Жуалы ауданының Берікқара шатқалында біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан біздің заманымыздың V ғасыры аралығындағы кезеңге тән жерлеу дәстүрлеріне тиесілі таңғажайып материалдар табылды.
- 072019 жылы Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
13 маусымда туған танымал тұлғалар
- 011956 жылы кеңестік және армян ауыр атлеті, КСРО төрт дүркін чемпионы (1977, 1979, 1981, 1982), бес дүркін Еуропа чемпионы (1977, 1978, 1980, 1981, 1983), жеті мәрте әлем чемпионы (1977-1981, 1983, 1985), Олимпиада ойындарының жеңімпазы (1980), әлемнің 43 дүркін рекордсмені Юрий Варданян дүниеге келді. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1977).
- 021957 жылы кеңестік футбол қақпашысы Ринат Дасаев туды.
13 маусымда Қазақстанда кім туды
- 011941 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Кенжеков дүниеге келді.
- 021947 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Нұрлан Оразалин өмірге келді.
- 031953 жылы жазушы, аудармашы Ерлан Сатыбалдиев туды.
- 041955 жылы композитор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбек дүниеге келді.
- 051993 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, 28-ші қысқы Универсиада чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Денис Тен өмірге келді.
Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
