Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кеңесте 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселесі қаралды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің хабарлауынша, бүгінгі таңда 71 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Қалған нысандар бойынша жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жалғасады.

Кеңес барысында нысандарды салу және жаңғырту мерзімдерін сақтауға, жұмыстардың сапалы орындалуына, мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды.

Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға теміржол объектілерін пайдалануға беру мерзімдерін сақтауды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.