12 маусымда Дүниежүзілік бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мейрам 2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен пайда болды. Соның арқасында әлемдік қауымдастық жұмылып, балалардың құқығын қорғауға атсалысты, себебі әрбір адамның балалық шағын бақытты өткізуге хақы бар. Балалар еңбегін пайдалануда көшбасшы – Азия (153 миллиондай жұмысшы бала тіркелген), балаларды жұмысқа салу бойынша екінші орынды Африка (80 миллион бала) иеленді, одан кейін – Латын Америка (17 миллион бала).

Бүгін – Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы күні немесе Ресей күні. 2002 жылға дейін бұл мейрам осылай аталып келді. Мереке - елдегі ең "жас" мемлекеттік мейрамдардың бірі. Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы 1991 жылы 12 маусымда РКФСР халық депутаттарының алғашқы съезінде қабылданған. Декларацияда мемлекет Ресей Конституциясы мен оның заңдарына бағынатыны айтылды. 1991 жылы ел тарихында алғаш рет жалпыхалықтық ашық президент сайлауы өтіп, Б.Н. Ол 1994 жылғы жарлығымен 12 маусымды Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын қабылдау күні деп жариялап, мемлекеттік мәртебе берді.

Сонымен қатар бүгін балалар мен ересектерге ортақ ерекше мейрам – Шармен серуендеу күні. Қолыңызға шар ұстап серуендесеңіз, көңліңіз көтеріліп қана қоймай, тәбетіңіз жақсарып, аяқ-қолыңыздың бұлшық еті шынығады. Шармен серуендеу күні отбасыңызға қайталанбас көңіл-күй сыйлайды.

12 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011898 жылы Филиппин аралардарының тәуелсіздігі жарияланды;
  • 021945 жылы Францияда соғыс кезінде енгізілген баспасөз цензурасы жойылды;
  • 031973 жылы Женевада БҰҰ-ның жаңа органы – БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламаларын басқарушылар кеңесі жұмысын бастады;
  • 042014 жылы Сан-Паулуда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

12 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011854 жылы Сібір қазақтарының аймағы құрылды. Құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары кірген;
  • 021886 жылы "Түркістан өлкесін басқару туралы" ереже қабылданды;
  • 031924 жылы Орынборда тұңғыш рет қазақ білімпаздарының І съезі басталды. Маусымның 12-18-і аралығында өткен бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу туралы қаулы қабылданды;
  • 041957 жылы ҚазКСР Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен Екібастұз көмір елді мекенінің атауы Екібастұз қаласы болып өзгертілді;
  • 051992 жылы Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
  • 062000 жылы Алматыда жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына орай ескерткіш ашылды;
  • 072010 жылы Астанада ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші учаскесін салу және Орталық Азия-Қытай газ құбырын кеңейту туралы келісім жасалды;
  • 082014 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші пленарлық отырысында "Тойота моторс" жобасы басталды;
  • 092015 жылы МАГАТЭ басқарушы кеңесі Қазақстанмен елдегі аз байытылған уран банкін құру және басқару бойынша келісімді мақұлдады;
  • 102019 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Ант беру рәсімінен кейін Мемлекеттік Әнұран орындалып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігі, төсбелгі, Президент штандарты және "Алтын Қыран" ордені табысталды.

12 маусымда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011920 жылы жазушы Лазарь Карелин дүниеге келді. Шығармалары – "Землетрясение", "Микрорайон", "Змеелов", "Даю уроки" романдары мен "Свой", "Общежитие" повестері;
  • 021924 жылы АҚШ-тың 41-ші президенті үлкен Джордж Буш дүниеге келді;
  • 031929 жылы еврей қыз, Германия тумасы, Гитлер билікке келген соң отбасымен бірге нацистік террордан қашып, Нидерландыда жасырынған Анна Франк дүниеге келді. Әйгілі "Анны Франктың күнделігі" еңбегін жазған;
  • 041981 жылы бразилиялық супермодель, Victoria's Secret періштелерінің бірі, Maybelline опа-далап компаниясының жарнамалық бейнесі Адриана Лима дүниеге келді.

12 маусымда Қазақстанда кім туды

  • 011955 жылы бұрынғы сенат депутаты Владимир Волков дүниеге келді;
  • 021958 жылы ақын, философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әуезхан Қодар дүниеге келді;
  • 031963 жылы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов дүниеге келді;
  • 041964 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров дүниеге келді;
  • 051966 жылы заң ғылымдарының докторы, мәжіліс депутаты Марат Бәшімов дүниеге келді;
  • 061966 жылы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров дүниеге келді;
  • 071971 жылы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Байрамуков дүниеге келді.