Қазақстанда 11 жастағы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салу мерзімі жарияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет алдағы үш жылдық бюджеттің жобасын әзірледі. Оған сәйкес, келесі жылы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салу шаралары басталады.
Бұдан бөлек, пилоттық режимде 4 өңірде өкпе обырының алдын алуға арналған скринингтің жаңа түрі енгізіледі.
Айта кетері, 2025 жылы Қазақстанда оқушы қыздарға папиллома вирусына қарсы вакцина салына бастады. Ал мәжіліс депутаттары бұл вакцинаны ұлдарға да егуді ұсынған.
