Бүгін, 11 тамызда, әлемде бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелер

Қоқыс тамағы күні

Кейбір адамдар 11 тамызды «Қоқыс тамағы күні» ретінде атап өтеді. Бірақ бұл мереке әзірге ресми түрде бекітілмеген. Атауы қызық бұл мейрам, әсіресе, АҚШ-та кеңінен танымал. Бұл күні «фастфуд» мейрамханаларының қожайындары қонақтарды денсаулыққа зиянды жаңа тағамдармен таңғалдыруға тырысады. Ал әлемдегі белсенділер қоқыс тамағын жемеуге кеңес береді. Олар «егер адамның ниеті болса, әр мәселенің орайын тауып шешуге болады» деген пікірде.

Арменияда – ұлттық бірегейлік күні

Арменияда бұл күнді «Навасард» деп атайды. Себебі, христиан дінін қабылдамас бұрын ежелгі армян күнтізбесінде «Навасард» жаңа жыл мерекесі ретінде тойланған екен. Ежелгі армяндар ай күнтізбесін пайдаланған. Ондағы жылдың бірінші айы Навасард деп аталған. Мереке бірнеше күн тойланып, спорттық шаралар ұйымдастырылған. Бұл күндері бай мен кедей тең болып, армян халқының бірлігі нығайған. Алайда христиан дінін қабылдап, жаңа күнтізбеге көшкеннен кейін мереке ұмытыла бастады. Десе де соңғы жылдары Навасард Арменияда кеңінен тойланып жүр. Сондықтан 2009 жылы ел парламенті мерекеге ресми мәртебе берді.

Махаббат күні

Сонымен қатар, бүгін – сүйген адамыңызға сезіміңізді білдіру үшін таптырмас күн. Дәл осы 11 тамызда әлемдегі ғашықтар Махаббат күнін атап өтеді.

11 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011767 жылы Англияда соңғы рет адам отқа жағылды;
  • 021909 жылы мұхиттағы лайнер алғаш рет SOS радиосигналын жіберді;
  • 031916 жылы Ирак пен Иран арасында достық туралы келісімшартқа қол қойылды;
  • 041919 жылы Германияның Ұлттық ассамблеясы «Веймар конституциясын» қабылдады;
  • 051926 жылы «Kodak» компаниясы түрлі-түсті кинотаспа жасау жұмысы басталғанын жариялады;
  • 061934 жылы АҚШ-тағы Алькатрас түрмесіне алғашқы федералдық тұтқындар жеткізілді;
  • 071959 жылы Мәскеуде «Шереметьево» халықаралық әуежайы ашылды;
  • 081960 жылы Чад Франциядан тәуелсіздігін жариялады;
  • 091979 жылы Днепродзержинск аспанында екі «Ту-134» ұшағы соқтығысып, салдарынан ташкенттік «Пахтакор» футбол командасы опат болды;
  • 101999 жылы ХХ ғасырдағы соңғы толық Күн тұтылуы болды.

11 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011893 жылы Артемий Деров Екібастұз қонысында кен орнына барлау жүргізу куәлігін алды. Бұл кен орнын 1867 жылы Қосым Пішенбаев ашқан;
  • 021925 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құрылды; оның алғашқы басшылары Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлин болды;
  • 031931 жылы Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің негізі қаланды. Бұл Қазақстанда қаржылық-экономикалық қызметтер үшін мамандар даярлай бастаған алғашқы білім мекемесі;
  • 041993 жылы 103 отбасы Ираннан тарихи отаны – Қазақстанға оралды;
  • 051995 жылы Жидебай қорығында Абай мен Шәкәрім күмбездері мемориалының ашылу салтанаты болды;
  • 062011 жылы Мәскеу орталығындағы Тұрар Рысқұлов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды;
  • 072016 жылы елордада Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қола мүсіні орнатылды.

11 тамызда туған танымал тұлғалар

  • 011939 жылы психотерапевт және емші Анатолий Кашпировский өмірге келді;
  • 021946 жылы IQ деңгейі әлемде ең жоғары әйел Мэрилин Савант туды;
  • 031950 жылы америкалық компьютер жасаушы, Apple компаниясы құрылтайшыларының бірі Стивен Возняк дүниеге келді;
  • 041953 жылы америкалық киноактер, рестлер және шоумен Терри Боллеа дүниеге келді. Ол көпшілікке Халк Хоган есімімен танымал;
  • 051954 жылы британиялық рок-музыкант Джо Джексон өмірге келді;
  • 061955 жылы ірі қаржы пирамидасы «МММ» акционерлік қоғамын құрғаннан кейін аты шыққан ресейлік кәсіпкер Сергей Мавроди туды;
  • 071956 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр және кино әртісі, педагог әрі режиссер Юрий Томошевски дүниеге келді;
  • 081983 жылы австралиялық әртіс Крис Хемсворт өмірге келді. Ол «Звездный путь», «Тор», «Мстители», «Доктор Стрэндж» фильмдеріне түскен.

11 тамызда Қазақстанда кімдер туды

  • 011929 жылы биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Фатима Полымбетова дүниеге келді;
  • 021925 жылы Кеңес Одағының батыры Альберт Кронит туды;
  • 031958 жылы «Родина» агрофирмасының директоры Иван Сауэр дүниеге келді;
  • 041961 жылы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өмірге келді;
  • 051968 жылы белгілі журналист Олег Червинский туды;
  • 061990 жылы ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко дүниеге келді.