11 қыркүйек — әлемде бірнеше маңызды мереке мен тарихи оқиға тіркелген күн. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемде 11 қыркүйекте қандай мерекелер бар

Бүгін Ресей эскадрильясының Тендра мүйісіндегі Жеңіс күнін (1790) немесе Әскери Даңқ күнін атап өтеді. Бұл мерекені бүкіл Ресей орыс эскадрильясының түрік эскадрильясын орыс-түрік соғысында (1787-1791) Тендра мүйісіндегі жеңісінің құрметіне тойлайды. Мереке 1995 жылы 13 наурызда Федералдық заңмен бекітілген.

Аргентинада бұл күн Ұлттық мұғалімдер күні ретінде тойланады. Сонымен қатар Ресейде қырлы стақан күні ретінде де белгілі. Себебі, 1943 жылы Гусь-Хрустальныйдағы шыны зауытында КСРО-дағы алғашқы қырлы стақан дайындалып шығарылды.

2001 жылы Нью-Йорк пен Вашингтондағы лаңкестік шабуылдарда қаза тапқандарды еске алу құрметіне АҚШ-та 11 қыркүйек Патриот күні ретінде күнтізбеге енген. Каталонияда Барселонаның қоршаудан шығып, азат етілуінің еске алуға арналған Каталонияның ұлттық күні ретінде тойланады.

11 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1609 жылы Ағылшын теңіз жүзушісі Генри Гудзон Манхэттен аралын ашты. 1888 жылы Торонтодағы өнеркәсіптік көрменің ашылуында адам дауысының әлемдегі алғашқы жазбасы жасалды. 1930 жылы Ағылшын жазушысы Агата Кристи археолог Макс Маллоуанға тұрмысқа шықты. 1941 жылы Пентагон құрылысы басталды. Пентагон — АҚШ қорғаныс министрлігінің дұрыс бесбұрыш пішінді ғимараты.

2001 жылы «Әл-Каида» террористік ұйымы АҚШ-та теракт жасады. Лаңкестер төрт жолаушы лайнерін басып алып, оның екеуін Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасына соқты. Шабуылдан 3 мыңға жуық адам көз жұмды.

11 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1883 жылы Семей өлкетану мұражайы құрылды. Абай Құнанбайұлы мұражайды ұйымдастыруға атсалысып, мұражайға қазақтың киіз үйін барлық жиһаздарымен сыйға тартты.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің алқасы Атырау облысының Теңіз ауданын Құрманғазин деп атауын өзгерту жөнінде қаулы қабылдады.

11 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді

1862 жылы америкалық жазушы О.Генри (шын есімі Уильям Сидни Портер) дүниеге келді. 1877 жылы революционер, кеңестік мемлекет қайраткері, бірнеше халық комиссариаттарының басшысы Феликс Дзержинский дүниеге келді. 1882 жылы орыс кеңес жазушысы, балалар кітаптарының авторы Борис Житков дүниеге келді. 1914 жылы Серб патриархы (1990-2009) Павел Гойко Стойчевич дүниеге келді. 1935 жылы №2 ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры Герман Титов дүниеге келді. 1935 жылы кеңестік және эстон композиторы Арво Пярт дүниеге келді. 1937 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әншісі (баритон), музыкалық және қоғам қайраткері, педагог Иосиф Кобзон дүниеге келді. 1961 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші, продюсер Федор Добронравов дүниеге келді.

1936 жылы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының құрметті директоры қызметін атқарған, бірқатар басым ғылыми бағыттың негізін қалаушы, танымал ұстаз және кең профильді жоғары білікті хирург, Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Камал Ормантаев дүниеге келді. 1950 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметін атқарған Әубәкір Рахымов дүниеге келді.