11 қазанда әлемде бірнеше маңызды мереке мен тарихи оқиға аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық ботқа күні

Бүгін Халықаралық ботқа күні. Ботқа мерекесі алғаш рет Ұлыбританияда тойлана бастаған деген сыбыс бар, себебі ағылшындардың сұлы жармасына деген сүйіспеншілігі ерекше. Бұл дәстүр біртіндеп бүкіл дүниежүзіне таралды, жыл сайын 11 қазанда түрлі елдердің дәмханалары мен мейрамханаларында дәнді дақылдардан дәмді тағам пісіріледі. Осы күні ботқа пісіруден турнирлер мен чемпионаттар ұйымдастырылады, онда тәжірибелі аспаздар жарысқа түседі. Ирландия, Шотландия, Эстония, Франция және АҚШ-та бидай өнімдеріне арналған тақырыптық викториналар өткізіледі, онда ән, өлең және мақал-мәтелді қаншалықты жақсы білетініңіз белгілі болады. Ботқа күні — дәстүрлі орыс тағамымен байланысты рәсімдердің бар екенін еске түсіретін керемет мүмкіндік. Біздің ата-бабаларымыз астық жинау науқанының аяқталғанын жәрмеңкелермен, мерекелер және халықтық фестивальдермен атап өткен. Астық жинап, қамбаны дәнді дақылдармен толтырғаннан кейін шаруалар ботқа, қой және шошқа еті, балық, жұмыртқа, саңырауқұлақ және жеміс-жидекпен мерекелік дастарқан жайған.

Халықаралық қыздар күні

11 қазан ең әсерлі мерекелердің бірі – Халықаралық қыздар күні (ағылшынша – International Day of the Girl Child) аталып өтеді. Бұл күнді мерекелеудің мақсаты – әлемдегі қыздардың әлеуметтік проблемаларына және теңсіздікке назар аударту. Оның ішіне білім алуға, толыққанды тамақтануға мүмкіндіктер, денсаулық сақтау, әлеуметтік құқықтар, кемсітушілік, зорлық-зомбылықтан және бала күнінен мәжбүрлі некеге тұрудан қорғау кіреді.

Ирландия Конституциясының күні

1922 жылдан бері Ирландия Республикасының Ұлттық мейрамы — Конституция күні тойланады. Ирландия – Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Астанасы – Дублин қаласы.

Әлемде болған тарихи оқиғалар

11 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

  • 011138 жылы Сирияның Алеппо қаласында жойқын жер сілкінісі болды. Бұл адамзат тарихындағы ең ауыр жер сілкіністерінің бірі саналады.
  • 021881 жылы америкалық Дэвид Хьюстон фотоапараттың фотопленкасына патент алды.
  • 031887 жылы сайлаудағы дауысты санауға арналған электронды машина патенттелді.
  • 041891 жылы Стокгольмде ашық аспан астындағы әлемдегі алғашқы "Скансен" этнографиялық мұражайы ашылды.
  • 051910 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Теодор Рузвельт ұшақпен ұшқан алғашқы америкалық президент атанды. Ол бұл сапарды президенттік қызметінен кеткеннен кейін жасады.
  • 061931 жылы КСРО-да жеке саудаға толығымен шектеу қойылды.
  • 071984 жылы америкалық астронавт әйел Кэтрин Салливан ашық ғарышқа шықты ("Челленджен" ғарыш кемесінің бортына STS-41G ұшуы).
  • 082000 жылы "Дискавери" ғарыш кемесі ғарыш шаттлдары бағдарламасының 100-ші миссиясы аясында ұшырылды. Миссия барысында Халықаралық ғарыш станциясына қажетті құрылғылар орнатылды.

Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

11 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

  • 011961 жылы Семей сынақ полигонында алғашқы жерасты ядролық жарылысы жасалды (1949 жылдың 29 тамызында Семей сынақ полигонында КСРО-дағы ядролық бомбалардың алғашқы сынағы өткізілді).
  • 021994 жылы "Қазақтелеком" ААҚ компаниясы құрылды.
  • 031997 жылы Қазақстанда "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы қабылданды.
  • 041997 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы құрылды.
  • 052000 жылы "Түркістан" халықаралық энциклопедиясы жарық көрді.
  • 062007 жылы Қазақстан президенті Каспийдегі жаңа "Ақтау Сити" қаласының алғашқы іргетасын қалады.

11 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар

11 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар:

  • 011956 жылы Парагвайдың бұрынғы президенті Оскар Никанор Дуарте Фрутос дүниеге келді.
  • 021963 жылы Ресей театр мен киноактері, КВН-ның әділ-қазы мүшесі Игорь Верник дүниеге келді ("Физрук", "Кухня" телехикаялары).
  • 031977 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері (2000), Олимпиада чемпионы (2002) Елена Бережная дүниеге келді. Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты.
  • 041976 жылы америкалық актриса және продюсер Эмили Дешанель дүниеге келді. "Кости" телехикаясында дәрігер Темперанс Бреннанның рөлін сомдады.
  • 051976 жылы ресейлік әнші, репер, "Дискотека Авария" тобының бұрынғы мүшесі Олег Жуков дүниеге келді.

Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

11 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді:

  • 011938 жылы философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбетқазы Ақатай дүниеге келді.
  • 021946 жылы "Абай және ХХІ ғасыр" халықаралық клубының президенті, жазушы, Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі Роллан Сейсенбаев дүниеге келді.
  • 031953 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжанов дүниеге келді.
  • 041967 жылы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев дүниеге келді.
  • 051973 жылы "Астана" телеарнасының бас директоры қызметін атқарған журналист Ләззат Танысбай дүниеге келді.