11 маусымда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен тарихи оқиғалар аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелер
Бүгін Гавай аралдарында Камеамеа патшасының күні. Бұл мейрамды 1871 жылы патша V Камеамеа өз атасы, Гавай аралдарында Ұлы Камеамеа ретінде белгілі - I Камеамеаның құрметіне қабылдады. Алғаш рет мереке 1872 жылы тойланған.
Сонымен қатар, бүгін Ресейде шашыраңқы склероз күні аталып өтеді. Шашыраңқы склероз дертіне шалдыққанда ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелин қабықшасы зақымданады. "Шашыраңқы склероз" деген атаудың кәрілік кездегі склерозға қатысы жоқ. Мұнда "склероз" - "тыртық" дегенді, ал "шашыраңқы" көптік мағынаны білдіреді. Жүйке талшығы құрылымының үздіксіз бұзылуы науқасты мүгедек адамға айналдырады. Алғаш рет шашыраңқы склероз күні Ресейде 2010 жылы аталып өтті.
Әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011496 жылы Христофор Колумб екінші саяхатын аяқтады, бірақ Қытайға апарар жолды таппағандықтан, испан патшайымының қаһарына ұшырады.
- 021580 жылы испан конкистадорлары екінші рет талпыныс жасап, Буэнос-Айрестің негізін қалады.
- 031742 жылы Бенджамин Франклин тиімді пешті ойлап тапты.
- 041770 жылы Джеймс Кук Австралия жағалауында Үлкен барьер рифін ашты.
- 051930 жылы америкалық зоолог Уильям Биб пен инженер Отис Бартон өздері жасап шыққан батисферамен 400 метр тереңдікке түсті.
- 061942 жылы Вашингтонда КСРО мен АҚШ-тың арасында соғыс жылдарында жəне одан кейінгі кезеңдерде өзара көмек көрсету туралы шартқа қол қойылды.
- 071964 жылы бес жылға сотталған Нельсон Мандела жаңа жаламен қайта сотталып, бұл жолы өмір бойына абақтыда отыру жазасы кесілді.
- 082010 жылы футболдан 2010 жылғы әлем біріншілігі басталды.
Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011594 жылы Тәуекел хан жіберген қазақ елшілігі Мәскеуге барды.
- 021918 жылы "Алаш" қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреті заңсыз деп жариялады.
- 031999 жылы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы жарияланды.
- 042015 жылы Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің пленарлық отырысы өтті.
- 052015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы 20 жылға созылған келіссөзді аяқтады.
- 062017 жылы Астанада "Тұрақты дамуға арналған энергетика" VIII халықаралық форумы мен министрлер конференциясы өтті.
- 072023 жылы қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Таиландтағы Азия чемпионатында 46 шақырымдық жарыста жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды.
- 082024 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбарата-1 ГЭС-ін салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011811 жылы орыс ойшылы, жазушы, әдеби сыншы, публицист, философ Виссарион Белинский дүниеге келді.
- 021899 жылы жапон жазушысы, 1968 жылы "жапон халқының сана-сезімін жеткізетін жазушылық шеберлігі үшін" Нобель сыйлығын иеленген Ясунари Кавабата дүниеге келді (Шығармалары – "Қарлы тау", "Мың қанатты тырна", "Тау үні", "Ескі астана").
- 031910 жылы француз океанограф, аквалангты ойлап тапқан Жак Ив Кусто дүниеге келді.
- 041959 жылы британдық актер, "Алтын глобус" жүлдесінің үш дүркін иегері Хью Лори дүниеге келді ("Доктор Хаус" сериалы).
Қазақстанда туған тұлғалар
- 011957 жылы Қостанай облысының атынан сайланған сенаты депутаты Серік Бектұрғанов дүниеге келді.
- 021958 жылы "Агрофирма "Родина" ЖШС бас директоры, құрылтайшысы, Қазақстанның ет-сүт одағының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович Сауэр дүниеге келді.
- 031964 жылы Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов дүниеге келді.
- 041984 жылы Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев дүниеге келді.
