Фото: Сәуле Әбілдаханқызының желідегі парақшасынан

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы тойға 100 адамнан артық адам шақырмауға кеңес берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

«”Бұ қазаққа 100 адамнан артыққа той жасауға заң жүзінде тыйым салмай, даму жоқ. Надандық қорасына осы кіргені кірген. Несие балшығына осы батқаны батқан. Дарақылық боғына осы сүңгігені сүңгіген”, — деп жазды журналист.»

Айта кетейік, бұған дейін журналист түнгі 12-де туған күнмен құттықтауға тыйым салуды ұсынған еді.

«”Қысқасы, түнгі 12-де туған күн деп дүрлігуді қойыңдар, қазақтар. Балаларыңа соны айтып түсіндіріңдер. Бұл мәселені ата-ана да, мектеп те, колледж де, ЖОО да балалардың миына жеткізіп, санасына сіңіріп тұрып айтып, түсіндіріп, керек болса, ұрсып, тоқтату керек”, — деп жазған еді журналист Сәуле Әбілдаханқызы.»