10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл мереке ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 2020 жылы үкімет қаулысымен ресми күнтізбеге енгізілді. Мерекенің мақсаты мен мәні - Абайдың мұрасын насихаттау, оның өлеңдері мен қара сөздерін жастар арасында дәріптеу, қазақ әдебиеті мен мәдениетін әлемге таныту. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толып отыр.
Мерекеге орай әдеби-музыкалық кештер, форумдар, кітап көрмелері, театр қойылымдары, шығармашылық байқаулар, зияткерлік ойындар және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бүгін – Халықаралық биоотын күні. Бұл күні биодизель алғаш рет пайдаланылды. Қозғалтқыш жержаңғақ майымен жұмыс істеді.
Сондай-ақ бүгін – Қума жел күні. Мерекені бейресми түрде саяхатшылар, яхта спортымен шұғылданушылар, желкенді қайық иелері атап өтеді. Бұл күнді желкенді қайық, яхта, катер және тағы басқа жүзуге арналған құралдар арқылы түрлі жарыстар ұйымдастырып, мерекелеуге болады.
10 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011539 жылы Франция королі I Франциск елдің мемлекеттік тілі – француз тілі деп жариялады.
- 021498 жылы Англия королі зерттеуші Джон Каботқа Канаданы ашқаны үшін 10 фунт стерлинг сыйақы берді.
- 031833 жылы АҚШ-тағы Чикаго қаласының негізі қаланды. Ол кезде бұл қаланың орнында 200 адам қоныстанған Уинди-Сити елді мекені болды.
- 041876 жылы Канададағы Онтарио қаласында алғаш рет халықаралық телефон қоңырауы шалынды.
- 051889 жылы британиялық Дэн Райлэндс бұрандалы тығынмен жабылатын бөтелкені патенттеді.
- 061985 жылы америкалық танымал әнші Майкл Джексон 47,5 миллион доллар жұмсап, ұлыбританиялық The Beatles тобының әндерінің құқығына ие болды.
10 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011959 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің шешімімен облыстық балалар кітапханасына ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді.
- 021995 жылы Семей қаласында Абайдың жаңа мәдени-тарихи және аумақтық-мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.
- 032004 жылы ҚР Ұлттық ғылыми орталығының геофизикалық зерттеулер институтының филиалында ядролық жарылыстарды бақылау бойынша жаңа сейсмикалық стансының ресми ашылуы өтті.
- 042010 жылы Талдықорған қаласында спорт сарайы алдында қазақтың ұлы композиторы Сүйінбай Аронұлына ескерткіш орнатылды.
- 052014 жылы екі атақты қазақстандық балуан Вадим Псарев пен Жаксылық Үшкемпіровтің есімдері Швейцариядағы ФИЛА штаб-пәтеріндегі күрес даңқы залына енгізілді.
- 062016 жылы "Құнанбай" фильмі ХІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысты.
- 072020 жылы Қазақстан Ұлттық банкі "ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.
10 тамызда туған танымал тұлғалар
- 011814 жылы швейцариялық кәсіпкер, Nestlé компаниясының негізін қалаушы Анри Нестле дүниеге келді.
- 021874 жылы АҚШ-тың 31-ші президенті Герберт Гувер дүниеге келді.
- 031896 жылы чеш журналисі, аудармашы, неміс жазушысы Франц Кафканың ғашығы Милена Есенская дүниеге келді.
- 041960 жылы америкалық және испан актері, режиссер Антонио Бандерас дүниеге келді.
10 тамызда Қазақстанда кім туды
- 011845 жылы қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлы дүниеге келді.
- 021874 жылы алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері Елеусіз Бұйрин дүниеге келді.
- 031948 жылы композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалағандардың бірі Мұрат Құсайынов дүниеге келді.
- 041962 жылы киноактриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Венера Нығматулина дүниеге келді.
- 051976 жылы қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының директоры, 2019–2023 жылдары Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі қызметін атқарған Аружан Сайын дүниеге келді.
