10 шілдеде тағы бірнеше жолда ақылы жүйе іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
10 шілдеде ақылы жүйе енгізілетін жолдар: - «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» (Жылдық абонементті Бұқар жырау, Абай, Шет, Ақтоғай, Мойынқұм, Жамбыл аудандары, сондай-ақ Балқаш және Приозерск тұрғындары рәсімдей алады); - Бұрылбайтал – Құрты (Жылдық абонементті Жамбыл және Іле аудандарында тіркелген пайдаланушылар рәсімдей алады).
Осы екі жолда рұқсат етілген жылдамдық режимі сағатына 140 шақырымды құрайды.
Ал 11 шілдеден бастап «Талдықорған – Өскемен» учаскесінде ақылы режим іске қосылады. Ескелді, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Үржар, Аягөз, Жарма және Ұлан аудандарында тіркелген пайдаланушылар жылдық абонементті ала алады. Бұл жолды I-б санатты учаскеде жылдамдық сағатына 110 шақырымға дейін, ал II санатты учаскеде – сағатына 100 шақырымнан аспайды.
Абоненттік төлемді рәсімдеу жолдары: - kaztoll.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы; - 1403 тегін байланыс орталығы арқылы; - ақы алу пункттерінде; - клиенттермен жұмыс істеу орталықтарында.
