10 шілдеде әлемде және Қазақстанда бірнеше мерекелер мен тарихи оқиғалар аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияда Натто күні

Жапонияда бүгін Натто күні тойланады. Мереке 1981 жылы Кансайда натто тұтынушыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Кейін 1992 жылы бұл күн ұлттық мейрамға айналды. Натто - ашытылған майбұршақтан пісірілетін дәстүрлі жапон тағамы. Өзіндік иісі мен дәмі бар, жабысқақ әрі қоймалжың тамақ.

Ресейдің әскери даңқы күні

Бүгін Ресейдің әскери даңқы күні - Полтава шайқасында швед әскерін жеңген күні (1709 жыл) аталып өтеді. Полтава шайқасы - Петр І қолбасшылық еткен орыс әскері мен Карл ХІІ басқарған швед сарбаздары арасындағы Солтүстік соғыстың ең ірі шайқасы. Шайқас 1709 жылдың 27 маусымында (8 шілде) таңертең Полтава қаласына жақын маңда болды. Швед әскерінің ойсырай ұтылуы нәтижесінде Солтүстік соғыс Ресейдің пайдасына шешіліп, Швецияның Еуропадағы үстемдігі жойылды.

Футбол ысқырығының туған күні

Сонымен бірге бүгін - Футбол ысқырығының туған күні. Футбол алаңында төрешілер 1873 жылы ғана пайда болды. Ол кезде төрешінің өз шешімімен ойынға араласуына рұқсат жоқ болатын. Төрешінің басты міндеті уақытты бақылау, матч туралы жазып отыру, ойыншыларды тағайындау және командалар өзара дауласса, төрелік айту еді. 1878 жылға дейін төрешіде арнайы ысқырық болмады, олар ойынды дауыспен басқаратын немесе белгі беретін, сондай-ақ назар аудару немесе шешім қабылдау үшін қоңырау соғатын. Ол кезде ойынға төрелік ету құқығы кәсіби мамандарға емес, футболды жақсы көретін әуесқойларға берілетін. 1878 жылы 10 шілдеде Лондондағы матчта полицей төреші болады, ойын кезінде жанжал шығып, полиция қызметкері еш ойланбастан ысқырығын қолданыпты. Шошып кеткен ойыншылар сол сәтте төбелесті тоқтата қойған. Содан бері футболда төрешілер ысқырық пайдаланады.

10 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011962 жылы "Телстар" атты алғашқы коммерциялық байланыс спутнигі ұшырылды;
  • 021964 жылы The Beatles тобының A Hard Day’s Night альбомы жарық көріп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді;
  • 031981 жылы АҚШ-тың әскери-теңіз флоты офицерлерге сақал қоюға тыйым салды;
  • 041985 жылы Учкудук түбінде Ту-154 апатқа ұшырап, 200 адам қаза тапты. Бұл - кеңес авиациясы тарихындағы ең ірі әуе апаты.

10 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011919 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің "Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы" қаулысы қабылданды;
  • 021965 жылы Маңғышлақ мұнайының бірінші эшелоны мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді;
  • 031998 жылы Қазақстанның "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" заңы қабылданды;
  • 042002 жылы Қазақстанның "Шылым шегудің алдын алу және оны шектеу" туралы заңы қабылданды.

10 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011951 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші Александр Кавалеров дүниеге келді;
  • 021957 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері Юрий Стоянов дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2001);
  • 031972 жылы "Америкалық отбасы" телехикаясындағы рөлімен танымал колумбиялық-америкалық актриса әрі модель София Вергара дүниеге келді;
  • 041977 жылы "Құлдықтағы 12 жыл" фильміндегі рөлімен танылған британиялық актер Чиветель Эджиофор дүниеге келді.

10 шілдеде Қазақстанда кім туды

  • 011896 жылы Алаш қайраткері, ғалым, дәрігер және педагог Әлжан Байғурин дүниеге келді;
  • 021958 жылы жазушы, ақын, драматург, мәдениеттанушы Әуезхан Қодар дүниеге келді;
  • 031963 жылы Қазақстанның Кубадағы төтенше және өкілетті елшісі, дипломат Андриан Елемесов дүниеге келді;
  • 041969 жылы Қазақстанның мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Анар Жайылғанова дүниеге келді.