Бүгін, 10 қыркүйекте, әлемде бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі мерекелер

Бүгін түрлі түсті гүл шоқтары күні. Адамдар бір-біріне күзгі гүлдер сыйлап, қуаныш бөліседі. Сондай-ақ, 10 қыркүйекте дүниежүзі бойынша флористердің көрмелері мен байқаулары ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, 10 қыркүйек — Бүкіләлемдік суицидтің алдын алу күні. Бұл денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблемаға назар аударуға арналған. Статистикаға сүйенсек, әлемде соғыс пен зорлық-зомбылық салдарынан қанша адам қаза тапса, өз-өзіне қол жұмсаудан да сонша адам көз жұмады.

Қытай мен Гонконг бүгін Ұстаз күнін тойлайды.

Тарихи оқиғалар

Әлемде

  • 011725 жылы Ресейде Александр Невский ордені бекітілді.
  • 021894 жылы Лондонда көлікті мас күйінде жүргізген алғашқы жүргізушіге айыппұл салынды.
  • 031918 жылы тарихшы әрі журналист Ч. Репингтон алғаш рет жүріп жатқан соғысты Бірінші дүниежүзілік соғыс деп атады.
  • 041940 жылы КСРО-да төлқұжат туралы ереже бекітілді.

Қазақстанда

  • 011919 жылы Орынбор губерниясының Қазақстан құрамына енгізілуі туралы шешім қабылданды.
  • 021925 жылы сол кездегі астана Қызылордада қазақтың тұңғыш ұлттық театры құрылды.
  • 031993 жылы Қазақстанда Ресей мәдениетінің күндері басталды.
  • 041996 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары дипломатиялық мектебі құрылды.
  • 051996 жылы республикада алғашқы кадет корпусы құрылды.
  • 061999 жылы Австралияның Инебург қаласында өткен дүниежүзілік кинофестивальде Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» фильмі бас жүлдеге ие болды.
  • 072005 жылы Астанада Ұлттық академиялық кітапхана салтанатты түрде ашылды.

Осы күні дүниеге келген тұлғалар

Әлемде

  • 011740 жылы орыс ғалымы, табиғаттанушы, саяхатшы Иван Лепехин дүниеге келді.
  • 021925 жылы орыс композиторы Борис Чайковский дүниеге келді.
  • 031931 жылы кеңестік театр және кино әртісі Люсьена Овчинникова өмірге келді.
  • 041955 жылы кеңестік және ресейлік әнші, Ресейдің халық әртісі Лариса Долина туды.
  • 051974 жылы ресейлік шоумен, актер, тележүргізуші Александр Ревва дүниеге келді.

Қазақстанда

  • 011894 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Сұлтанбек Қожанов дүниеге келді.
  • 021905 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ағарту ісінің үздік қызметкері Әуелбек Қоңыратбаев дүниеге келді.
  • 031908 жылы химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ахметжан Шәріпханов дүниеге келді.
  • 041921 жылы «Даңқ» орденінің үш дәрежесінің толық иегері, Қазақ КСР білім беру саласының озық қызметкері Мүтәш Сүлейменов өмірге келді.
  • 051939 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Амангелді Айталы дүниеге келді.
  • 061948 жылы қоғам қайраткері, «Дос-Мұқасан» тобының негізін қалаушылардың бірі әрі оның мүшесі Шәріп Омаров дүниеге келді.
  • 071966 жылы қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері Тимур Құлыбаев дүниеге келді.